Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада боранды күндер саябырсып, боранның арты аязға ұласты. Бүгін де қала мектептерінде сабақ тоқтатылды.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы хабарлады.
29.01.2020 жылы ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің ЕКІНШІ ауысымындағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды, - делінген хабарламада.