Николайчук семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогінде қола жеңіп алды

6 Ақпан 2022, 13:49
1191
Бөлісу:
Николайчук семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогінде қола жеңіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық София Николайчук семсерлесуден Киевте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем кубогі кезеңінде үшінші орын алды деп хабарлайды Olympic.kz.  

Отандық спортшы турнирдің жартылай финалына жетіп, осы кезеңде ресейлік Яна Бекмурзоваға есе жіберді.  Осылайша София турнирдің қоласын иеленді. 

Ал алтын мен күмісті ресейліктер Бекмурзова мен Анастасия Назарова еншіледі.

Өзгелердің жаңалығы