Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мәжілістің кулуарында никаб тағуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оқи отырыңыз:
Біздің заңнамада никабқа тыйым салу нормасы жоқ. Заң аясында бұл мәселе әлі реттелмеді. Бетін тұмшалайтындар жайлы мәселені енді қараймыз. Себебі депутаттар осыны сауал ретінде жолдады, - деп айтты ведомство басшысы журналистерге.
Балаеваның айтуына қарағанда, қазір бұл мәселе жан-жақты зерделеніп жатыр.
Ол алдымен ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Бұл тұрғыдан алып қарағанда никабтарға тыйым салған дұрыс, - деп түсіндірді Аида Балаева кулуарда.
Бұған дейін Үкімет басшысы Әлихан Смайылов діни ағымдардың қызметіне қатысты депутаттардың сауалына жауап бергенін хабарлаған болатынбыз.