Нигерияда жанармай таситын көлік жарылып, 12 адам қаза болды

Нигерияда жанармай таситын көлік жарылып, 12 адам қаза болды, деп хабарлайды BAQ.KZ euronews-ке сілтеме жасап.

 13 Қараша 2022 2022, 09:57
13 Қараша 2022 2022, 09:57
1224

Нигерияда жанармай таситын көлік жарылып, 12 адам қаза болды, деп хабарлайды BAQ.KZ euronews-ке сілтеме жасап.

Оқиға Коги штатында Нигерияның солтүстік-орталық облысындағы күре жолдардың бірінде болған. Полиция таратқан мәліметке сәйкес, жанармай құйылған автоцистернаның тежегіші істен шыққан. Соның кесірінен шосседегі көліктерге соғылады. 12 адам өртке оранған.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметі оқиға орнын қоршап, зардап шеккендердің жеке басын анықтау жұмыстарына кірісті.

Коги штатында қыркүйек айында да осыған ұқсас апат болып, 10 адам қайтыс болған.

Наверх