Нидерландыда шорт-тректен әлем кубогінің төртінші кезеңі басталды

25 Қараша 2021, 20:45
826
Бөлісу:
Нидерландыда шорт-тректен әлем кубогінің төртінші кезеңі басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нидерландының Дордрехт қаласында шорт-тректен әлем кубогінің төртінші кезеңі басталды, деп хабарлады Olympic.kz.

Жарысқа қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі келесідей:

Ерлер: Абзал Әжіғалиев, Еркебұлан Шамуханов, Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев, Нұртілек Қажғали.

Әйелдер: Ольга Тихонова, Мадина Жанбосынова, Алена Волковицкая, Яна Хан, Әлия Әмірғалиева, Әсел Тайшманова

Айта кетерлігі, әлем кубогінің аталмыш кезеңі 28 қарашаға дейін жалғасады. Жарыстың бірінші күнінде іріктеу бәсекелері өтіп жатыр. 


Өзгелердің жаңалығы