Нейрохирург әйел мен еркектің миындағы айырмашылықты айтты

20 Қараша 2022, 11:54
2078
Бөлісу:
Нейрохирург әйел мен еркектің миындағы айырмашылықты айтты

Әйел мен еркектің миында айырмашылық бар ма? Нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев мидың ерекшелігі туралы айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Нақты айырмашылығы жоқ. Әрине, еркек адамның басы сәл үлкен болуы мүмкін. Егер еркек пен әйелдің миының массасын өлшейтін болсақ, әйелдердің миы салмағы жағынан аздау болады. Бірақ мәселе ол емес. Әйелдің ерекшелігі  – адамға өмір сыйлайтын қасиетінің болуы. Сондықтанда қазіргі таңда IQ қарағанда, ЕQ туралы көп айтылады. Нақтырақ айтсақ, эмоционалды интеллект, – деді «Біздің ел - біздің таңдау» онлайн марафонында. 

Айтуынша, бала өмірге келген кезде EQ қыз балада да, ер балада да бірдей болады.

Бірақ өсе келе ер баланың миы көбіне логикалық тұрғыдан дамиды. Ал әйел адамның миы сан тұрғыдан ілгерілейді. Өйткені әйел өмірдің қиындығына бейімделеді. Сол себепті олардың сол жақ жарты шары мен оң жағыда шамамен бірдей жұмыс істейді. Ал еркектерде көбіне тек бір жағына басымдық беріледі, яғни логикалық дамуы басым болады, – деді Мыңжылқы Бердіқожаев.

Өзгелердің жаңалығы