Неймар жаттығуға кешіккені үшін млн еуродан қағылды

2 Тамыз 2019, 14:47
1531
Бөлісу:
Неймар жаттығуға кешіккені үшін млн еуродан қағылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Пари Сен-Жермен" шабуылдаушысы Неймар француздық клубтың сыйақысынан қағылды. Бұл туралы Vesti.kz жазады.

Дереккөздің хабарлауынша, 27 жастағы шабуылдаушының келісімшартында ол ФИФА нұсқасы бойынша жыл ойыншыларының қатарына енсе миллион еуро бонус алатыны көрсетілген екен. Бразилиялық футболшы болса үздіктер қатарынан шығып қалған. Неймар сонымен қатар жаттығуға кешіккен себептен екі миллион еуродан қағылған.

Бұқаралық ақпарат құралдарында ПСЖ-ның Неймар сату жөнінде нұсқалар қарастырып жатқандығы жазылған болатын. Бастапқыда бразилиялық футболшы үшін 300 млн еуро сұраған болатын. Бірақ қазіргі таңда оның бағасын екі есеге төмендетіп, 180 млн еуроға бағалап отыр.

Сонымен қатар, ПСЖ Неймарды «Барселонаға» ауысуына вето салып отыр, өйткені соңғы кезде клубтың «Барселонаға» деген қатынасы бұзылған еді.

Енді Неймарға «Ювентус» ықылас танытып жатқан көрінеді. Оның фавориті Криштиану Роналду бразилиялықтың трансферін мақулдаған көрінеді.



Өзгелердің жаңалығы