Неймар коронавирустан жазылды

12 Қыркүйек 2020, 06:50
1417
Бөлісу:
Неймар коронавирустан жазылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ПСЖ-ның бразилиялық шабуылшысы Неймар коронавирус жұқтырғу себебінен болған мәжбүрлі кідірістен кейін команда сапына қайта оралды, деп хабарлайды Prosports.kz.

28 жастағы футболшы Twitter желісіндегі парақшасында командасымен бірге жаттығуға оралатынын хабарлады.

Еске сала кетелік, 2 қыркүйекте шабуылшының ағзасынан COVID-19 вирусы табылған.

Өткен маусымда Неймар «ПСЖ» сапында 27 матч өткізіп, 19 гол соғып, 12 нәтижелі пас берген.

Өзгелердің жаңалығы