Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ПСЖ мен Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар коронавирус пандемиясымен күресу үшін жасырын түрде 775 мың фунт стерлинг (880 мың евро) бөлді.
Ойыншы соманың жартысын ЮНИСЕФ-тің есепшотына, екіншісі Бразилия қайырымдылық қорларының біріне аударды, деп хабарлайды Prosports.kz Sky Sports порталына сілтеме жасап.
Неймар өзінің әрекеті туралы ашық айтпады, бірақ бұл туралы бразилиялық тележүргізуші Крис Флорес хабарлаған.
Неймар COVID-19 індетімен күресуге 775 мың фунт стерлинг бөлді. Ол қаржыны өткен аптаның басында аударды. Қаражаттың жартысы ЮНИСЕФ-ке, ал екінші жартысы суретшілер құрған қорға жұмсалды. Неймар жақсылығын жасырын түрде жасағанды жөн көрді, сондықтан біз оның әрекеті туралы айтуды дұрыс деп таптық. Жақсы істер туралы айту керек. Біз мұны басқа спортшылар мен адамдар үшін ынталандыру болатын тамаша әрекет деп санаймыз, - деді Флорес.