Жалпы жаңалықтар
-
-
Қостанайда Міржақып Дулатұлына алғашқы ескерткіш орнатылды
Қостанайда қазақтың ұлы ағартушысы, ақын әрі жазушысы Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
20.09.2025
-
Семейде эвакуатордың соңынан қудалау атысқа ұласты
Семейде эвакуатор жүргізушісі патруль полициясының тоқтау талабынан бас тартып, қашып кетуге әрекет жасаған. Сол себепті тәртіп сақшылары қару қолдануға мәжбүр болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
19.09.2025
-
"Ақшаға сүртіп берді": Алматы полициясы даулы видеоға пікір білдірді
Жақында әлеуметтік желілерде бір қыздың даяшыға ерекше өтініш жасаған видеосы кең тарады. Ол әдепсіз әдетке барып, даяшыдан аяғын сүртіп беруін сұраған. Жарияланған ақпаратқа сәйкес, қыз оған ақша төлейтінін айтқан. Аталған жағдайға қатысты полиция пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
19.09.2025
-
Заңсыз микрокредит дауы: Қазақстанда атышулы кәсіпкер Сергей Койнов ұсталды
Қазақстанда «Актив Маркет» желісінің иесі Сергей Койнов ұсталды. ҚМА заңсыз несие беру, кіріс заңдастыру схемасын ашып, 3,5 млрд теңге көлемінде қаржы заңсыз алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
18.09.2025
-
Президент әлем чемпионатында топ жарған боксшылар мен бапкерлерді марапаттады
Мемлекет басшысы Ливерпуль қаласында өткен ерлер мен әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатындағы (World Boxing) спорттық жоғары жетістіктері үшін бір топ спортшы мен бапкерді марапаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
18.09.2025
-
Газ құбырының сақшысы – слесарь
Қоғам өмірінде газ құбыры халықтың тұрмыстық жағдайын жақсартатын ең маңызды инфрақұрылымның бірі. Бірақ бұл жүйеде кез келген уақытта апатты жағдай орын алуы мүмкін. Осындай сәтте газ тұтынатын тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ақауды жоюға атсалысатын маман – апатты қалпына келтіру слесарі. «Еңбекқор ел» жобасының бүгінгі шығарылымы слесерь маманына арналады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
18.09.2025
-
Imanbek тағы да Grammy сыйлығына ұсынылды
Қазақстандық диджей Imanbek әлемдегі ең беделді музыкалық марапат – Grammy сыйлығына тағы да ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
18.09.2025
-
Лазерлік ескерту: Астана-Теміртау жолында қауіпсіздік жүйесі іске қосылды
Астана - Теміртау жолында жаңа лазерлік ескерту жүйесі сынақтан өтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
18.09.2025
-
Жетісудағы "отбасылық бизнес": ерлі-зайыпты мен ұлы 30 келі марихуанамен ұсталды
Жетісу облысында полиция "Қарасора-2025" операциясы аясында отбасылық қылмыстық топты құрықтады. Ерлі-зайыпты мен ұлынан 30 келіден астам марихуана тәркіленіп, барлығы қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
18.09.2025
-
Астанада жүк көлігін жүргізген 16 жасар бала анықталды
Астанада Нәжімеденов көшесін патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері HOWO маркалы жүк көлігін тоқтатты. Тексеру барысында көлікті 16 жастағы кәмелетке толмаған жасөспірімнің жүргізгені, оның жүргізуші куәлігінің жоқтығы белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
18.09.2025
-
"Декретке миллионмен": Дәулет Мұқаев өзіне қатысты ақпаратқа жауап берді
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде өзіне қатысты тараған жалған ақпараттарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
17.09.2025
-
Астанада инфекциялық ауруханада ботқадан құрт шықты
Елордадағы жұқпалы аурулар ауруханаларының бірінде емделушілердің кешкі асқа берілген ботқасынан өлі құрт табылды. Бұл туралы әлеуметтік желі парақшаларында белгілі болды. Оқиғаға байланысты BAQ.KZ редакциясы Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына хабарласты.
17.09.2025
-
"Тіс емдей ме, той жасай ма, өзі біледі": Депутат зейнетақы жинағы туралы
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев медициналық сақтандыру аясында тіс емханаларында болып жатқан күмәнді әрекеттерге назар аударды. Ол халық өз ақшасын қайда жаратса да, өз еркі деп санайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
17.09.2025
-
Алматыда автобустың астында асфальт опырылды
17 қыркүйек таңда Яссауи көшесінің Дастан көшесімен қиылысқан тұсында асфальт автобустың астында опырылып түсті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
17.09.2025
-
400 мың теңгеге дейін: Тағы бір мамандардың жалақысы өсетін болды
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев архив саласына қатысты бірқатар маңызды жаңалықты бөлісті. Енді архив қызметкерлеріне 25 пайыздық үстемақы заң жүзінде тұрақты түрде төленбек, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
17.09.2025
-
Әлем чемпионаты: Боксшы қыздарымыздың жеңіс биі трендке айналуда
Боксшы қыздарымыз әлем чемпионатында жарқырап, жеңіс тұғырынан көрінді. Қуанышты сәтте түсірлген олардың жеңіс биі трендке айналуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
16.09.2025
-
ЖИ Қазақстан экономикасын қалай өзгертеді?
Экономист Айбар Олжай “15 минуттық экономика” жобасында жасанды интеллектінің экономикаға әсерін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
16.09.2025
-
Президент баспаналы болған отбасыларды құттықтап, шаңырақтарынан дәм татты
Қасым-Жомарт Тоқаев баспаналы болған отбасыларды құттықтап, шаңырақтарынан дәм татты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
16.09.2025
-
Алматы маңындағы ауыл тұрғындары қоқыс полигонынан шыққан түтінге тұншығып отыр
Алматы облысы Іле ауданының тұрғындары қала жанындағы бірнеше күннен бері өртеніп жатқан қоқыс полигонынан шыққан түтінге тұншығып жатқанын айтып, жергілікті билік өкілдеріне шағымданды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
16.09.2025
-
Стоматология арқылы зейнетақы қаражатын шығарғандар жазалана ма?
ҚР Қаржы мониторингі агенттігі "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан" (БЖЗҚ) заңсыз ақша шығару схемасына қатысы бар 5 қылмыстық топтың қызметін әшкереледі. Олар жалған құжаттар рәсімдеу арқылы азаматтарға зейнетақы жинақтарын шешуге көмектескен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
15.09.2025
Наверх