Жалпы жаңалықтар
-
-
Жауынгерлердің психологиялық дайындығы өзекті мәселе
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда экстремалды психологияның негізгі мәселелері талқыланған ғылыми-практикалық конференция өтті. Әскери психологтар жауынгерлердің психологиялық дайындығының өзекті мәселелерін қарастырды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
03.06.2022
-
Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлері марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов еркін күрестен Сурдлимпиада ойындарының күміс жүлдегері Рсалы Сабыржанға 2 бөлмелі пәтер кілтін және осы олимпиадада 5 орыннан көрінген Пернеш Шадиярға, қос спортшының жаттықтырушысы Омар Ғалымжанға қаржылай сыйлық табыстады.
03.06.2022
-
Ақтауда 300 эколог бас қосты
Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақтауда елдегі 180-нен астам компанияның 300-ден астам экологы басқосқан конференция өтті. Басты тақырып - елдегі кәсіпорындар мен өндіріс орындарынан шығатын көмірқышқыл газын азайту.
03.06.2022
-
Түркістан: «Жаңа Қазақстанның Конституциялық өзгерістері» семинары өтті
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі, Бүгін рухани қала Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Жаңа Қазақстанның Конституциялық өзгерістері» атты тақырыпта семинарболып өтті.
03.06.2022
-
Мемлекеттік рәміздерді қорлайтындарға қатысты заңды қатаңдату керек - Қалдыбек Құрманәлі
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы кезде мемлекеттік рәміздерді жерге таптайтындар шыға бастады. Бұл недеген масқара. Оларға қатысты заңды қатайту керек. Бұл туралы композитор Қалдыбек Құрманәлі Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздердінің 30 жылдығына арналған іс-шарада айтты.
03.06.2022
-
Садақ ату өнері атадан қалған аманат – Диас Ахметов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада ашық аспан астында тұңғыш рет Садақ ату орталығы ашылды. Іс-шараға республикалық және қалалық Садақ ату федерациясының өкілдері қатысты.
03.06.2022
-
61 қару, 13 граната және 1170 оқ-дәрі тәркіленді – ҰҚК
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы сәуір-мамыр айларында ҰҚК және оның аумақтық департаменттері заңсыз айналымнан, оның ішінде «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланған қаруды іздеу және алу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.
03.06.2022
-
Қайырбек Өскенбаев жол жөндеу жұмыстарымен танысу үшін көлікпен жүріп өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жұмыс барысымен Батыс Қазақстан облысына барды. Бұл туралы ИИДМ басшысы инстаграм желісіндегі жеке парақшасында жазды.
03.06.2022
-
Референдум күні Алматыдаға автотұрақтар тегін болады
Алматы, BAQ.KZ. «Alan Parking» ЖШС-і және «Алматыспецтехпаркинг» ЖШС-і 5 маусымда барлық тұрақтар тегін болатынын мәлімдеді.
03.06.2022
-
Талдықорғанда 3 баланың анасы жоғалып кетті
Алматы, BAQ.KZ. 3 айлық баласын абысынына ұстатып кеткен Шолпан Шайзанова он күннен бері табылмай жатыр. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай facebook-тегі парақшасына жазды.
03.06.2022
-
Министрлікте Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 маусымда Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
02.06.2022
-
Білімсіз ұлттың болашағы да белгісіз. Тоғжанов жастармен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Astana Hub-та жастармен кездесті.
02.06.2022
-
Семей орманындағы өрттің таралуы тоқтатылды
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі уақытта Семей орманындағы өрттің таралуы тоқтатылды. Орман аймағында жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, оқиға орнында Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің басшылығы және қоғамдық тәртіпті, азаматтар қауіпсіздігін қамтамасыз ететін полиция қызметкерлері жүр.
02.06.2022
-
Оралда әскери прокурор референдум маңызын түсіндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жуырда ел тарихындағы елеулі оқиғаға орын алмақ. Конституциялық референдумға бейжай қарамай белсенді қатысу – әрбір азаматтың басты борышы. Себебі бұл – бүгінгі Қазақстанның ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды сәт. Ұлттық ұлан әскери қызметшілері де ел тағдырына қатысты маңызды оқиғадан қалыс қалмай, түсіндіру жұмыстарына белсеңді қатысуда, деп хабарлайды деп хабарлайды ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.
02.06.2022
-
Сотталған балалар ата-аналарымен кездесті
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласындағы балалар колониясында жазасын өтеп жүрген жасөспірімдердің асыға күтетін іс-шараларының бірі – Балалар күніне орай өтетін «Ашық есік күні».
02.06.2022
-
Қазақстан мемлекеттік қызметтердің жаһандық шлюзін құру туралы бастама көтерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ақпараттық қоғам жөніндегі дүниежүзілік саммит форумы шеңберінде Женевада Министрлердің дөңгелек үстелінде баяндама жасады.
02.06.2022
-
Азат Перуашев: Президент бұдан былай саяси партияларды жақтамайды
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі депутаты, «Ақ жол» ҚДП төрағасы Азат Перуашев Қостанай облысына екі күндік жұмыс сапарымен келді.
02.06.2022
-
Шымкентте Балалар жылына 84 іс-шара өтеді
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Шымкентте Балалар жылына 84 түрлі іс-шара өткізу жоспарланып, бұған 44 млрд теңгеден астам қаржы қаралған. Мұны Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтенов «1 Маусым – Халықаралық баларды қорғау күніне» арналған салтанатты мерекелік іс-шарада айтты.
01.06.2022
-
Ақтөбеде филологтар Конституциялық реформаға енгізілетін өзгерістерді талқылады
Ақтөбе облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің филология факультетінде «Қазақстандағы референдумның өткізілу мақсаты мен міндеті» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде оқытушылар Конституциялық реформаның маңызы мен оған енгізілетін өзгерістер жайын талқылады.
01.06.2022
-
Қарағандыда «БалаFEST» фестивалі өтті
Қарағанды облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыда Балалар жылы аясында 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «БалаFEST» фестивалі өтті.
01.06.2022
Наверх