Жаңалықтар
-
-
Димаш Құдайберген Муз-ТВ премиясына қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы әншінің Instagram-дағы ресми парақшасында хабарланды.
08.04.2019
-
Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қар көшкіні қаупі сақталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қар көшкінінің жүру қаупіне байланысты тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады. Алматыда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
08.04.2019
-
Оңтүстік Корея президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мун Чжэ Ин мемлекеттік сапар аясында Алматыға барып, корей диаспорасымен кездеспек. Бұл туралы апта сайынғы брифинг барысында СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.
08.04.2019
-
"ALTYN OIMAQ" байқауы жаңа дизайнерлердің танылуына мүмкіндік береді – жоба жетекшісі
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. «ALTYN OIMAQ» ұлттық киім дизайнерлер байқауында алты жеңімпаз анықталады және оның әрқайсына 1 млн теңге көлемінде жүлде беріледі. Бұл туралы жобаның жетекшісі Диана Ботаева Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжінің студенттерімен кездесу кезінде айтты.
08.04.2019
-
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Арман Дайырұлы Жұмабеков ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады ҚР Премьер-министрінің ресми сайты.
08.04.2019
-
Батыстағы әскери бөлімдердің жауынгерлік даярлығы тексерілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Батыс» өңірлік қолбасшылығының барлық әскери бөлімдерінде қысқы оқыту кезеңінің қорытындысы бойынша бөлімшелердің жауынгерлік даярлығы мен жауныгерлік қабілет деңгейін бағалау өтуде. Бұл туралы қолбасшылықтың баспасөз қызметі хабарлады.
08.04.2019
-
Қызылордада «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрмесі өтуде
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейінде «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі көрме салтанатты түрде ашылды. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, Қазақстан Республикасның Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов қатысты. Сондай-ақ, жиынға қала тұрғындары мен жастар студент жастар келді.
08.04.2019
-
«QAZAQSTAN» РТРК» АҚ-ға жаңа басшы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «QAZAQSTAN» РТРК» АҚ-ға жаңа басшыны таныстырды
.
08.04.2019
-
Елордада екі қоғамдық көліктің қозғалыс бағыты өзгерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астанада №71, 73 автобус бағдарларының қозғалыс сызбасы жолдарды жөндеу жұмыстарына байланысты өзгереді. Бұл туралы «Астана LRT» компаниясының ресми сайты жазды.
08.04.2019
-
Нұр-Сұлтанда сүрілген үйлердің орнына не салынады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2018 жылдан бастап қала әкімінің тапсырмасы бойынша сүрілген үйлердің орнында желекжолдар мен гүл бақтары пайда болуда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
08.04.2019
-
Жастар театрында балаларға арналған жаңа ертегі қойылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертегі желісі кішкентай көрермендерді айнымас достық пен татулыққа шақырады.
08.04.2019
-
Қазақстан Иорданиядағы Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өлі теңіздің жағалауында «Ынтымақтастық үшін жаңа алаңды әзірлеу» тақырыбында Таяу Шығыс пен Сотлүстік Африка жөніндегі Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) 10-шы өңірлік форумы өтті. Форумның жұмысына Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов бастаған қазақстандық делегация қатысты. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
08.04.2019
-
Ауыл сақталса, ұлттық кодымыз бен дәстүріміз де сақталады - Еңбек ері
Қостанай, BAQ.KZ тілшісі. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы идеяны Қазақстанда ең алғаш Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көтерген болатын. Ол идея «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жаңа мағынада сипатталды.
08.04.2019
-
Сенаторлар халықаралық үш құжатты қарайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен болған Парламент Сенаты Бюросының отырысында Палатаның 11 сәуірде болатын отырысының күн тәртібі белгіленді. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
08.04.2019
-
Алматылықтар бюджет қаржысын өздері бөлетін болады
Алматы, BAQ.KZ. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
08.04.2019
-
Нөсер жаңбырдың соңы бұршаққа ұласуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидрометтің болжамы бойынша сәуірдің 9-11 аралығында оңтүстікте қатты жаңбыр жауып, соңы бұршақ ұласуы мүмкін.
08.04.2019
-
Нұр-Сұлтанда балалар байқауы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл «Шаттық» балалар-жасөспірімдер байқауы жаңашылдыққа толы болады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
08.04.2019
-
«Көкжайлау» жобасын жүзеге асыру кейінге шегерілді
Алматы, BAQ.KZ. Алматының Қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысында қала әкімі Бауыржан Байбек осындай ұсыныс жасады.
08.04.2019
-
Теміржол билеттерін пошта бөлімшелері арқылы сату 80 есе артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2018 жылдың қорытындысы бойынша пошта бөлімшелері арқылы сатылған билеттердің саны едәуір артқан. Дәлірек айтсақ, 3 жыл ішінде билет сату 80 есе өскен: 2015 жылы 2738 билет сатылған болса, 2016 жылы – 100 110, 2017 жылы – 194 281, ал 2018 жылы 219 357 теміржол билеті сатылған.
08.04.2019
-
Тоқаев ЕҚЫҰ төрағасымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы Мирослав Лайчакпен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
08.04.2019
Наверх