Жаңалықтар
-
-
Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай флешмоб өтті
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Өскемен қаласындағы Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне арналған флешмоб ұйымдастырылып, түрлі сала дәрігерлері студент жастардың денсаулықтарын тексерді.
04.04.2019
-
Атыраулық мәдениет саласындағы шенеуніктер сыбайлас жемқорлық фактісімен ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы атыраулық бірнеше шенеунікке қатысты парақорлық, аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру, сондай-ақ алаяқтық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
04.04.2019
-
Елордалық емхана қызметкерлері пайда табу үшін азаматтардан қажетсіз құжаттар сұратқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жақында ғана Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро жүргізген мониторинг кезінде №7 мен №10 қалалық емханаларға тіркелу үшін азаматтардың жеке куәліктерінің көшірмесі мен флюорография негізсіз сұратқан. Бұл туралы ведомствода өткен баспасөз мәслихатында агенттіктің Мемлекеттік қызмет көрсету департаментінің басшысы Ильдар Үйсімбаев мәлімдеді.
04.04.2019
-
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
04.04.2019
-
Ұлттық компания қызметкерлері шетелдің 1 млрд теңге қарызын заңсыз есептен шығарған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының елордалық департаментімен «КТЖ» ҰК» АҚ еншілес компаниясы – KTZ Express АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин мәлімдеді.
04.04.2019
-
Экономикалық ахуал мен теңге бағамы тұрақты – Назарбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасың Тұңғыш Президенті – Елбасы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
04.04.2019
-
Назарбаев Ассамблеяның мерейтойын жоғары деңгейде өткізуді тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
04.04.2019
-
Ли Си Хен: Біз үшін Қазақстанның ядролық қауіпсіздік идеясы ерекше
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Назарбаев орталығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Атқарушы директоры Әсет Исекешев Korea Foundation президенті Ли Си Хенмен кездесті.
04.04.2019
-
Қызылорда облысының бас санитарлық дәрігері парамен ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментімен Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы – облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің парақорлық фактісі анықталды.
04.04.2019
-
«Астана су арнасының» бұрынғы басшысы 2 пәтер мен 60 мың доллар сомасында пара алған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментімен ШЖҚ «Астана су арнасы» МКК-нің бұрынғы басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұл туралы ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин мәлімдеді.
04.04.2019
-
Еуразиялық интеграцияның дамуына бар жағдайды жасаймын - Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы ресми сапары аясында Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінде болып, Кеңес төрайымы Валентина Матвиенкомен кездесті, сондай-ақ Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
04.04.2019
-
Киік қырғыны: Мемлекетке келтірілген 1,1 млрд теңге шығынның 12 млн-ы ғана өндірілген
БҚО, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының бастамасымен Өңірлік коммуникациялар қызметінде 2017-2018 жылдарда киікті заңсыз аулауға қарсы іс-қимыл және табиғатқа келтірілген шығынды қайтару мәселелері бойынша брифинг өтті.
04.04.2019
-
Сапасыз консервіленген етті сатуды ұйымдастырған комитет төрағасы 600 млн теңге залал келтірген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросымен ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мемлекеттік материалдық резервтік комитеті төрағасының лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану фактісі анықталды. Бұл туралы Бұл туралы ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин мәлімдеді.
04.04.2019
-
Ақтөбеде жылыжай ашылды
Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбеде жылыжай кешені ашылды. Ақтөбе облысында өсірілген қиыр мен қызанақ Ресейге экспортталатын болады. Голландиялық инвестор жоба үшін 20 миллиард теңгеден көп қаржы жұмсаған.
04.04.2019
-
Жол қауіпсіздігі үшін қаншама шара ұйымдастырылса да, жол апаты азаймай тұр
Талдықорған, BAQ.KZ. Алматы облысының тәртіп сақшылары брифинг өткізіп, БАҚ өкілдеріне облыстағы жол қауіпсіздігі мен көлік апаттарының алдын алуға бағытталған шаралар туралы айтты.
04.04.2019
-
Семейде 170 автобус құрастырылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жолаушылар тасымалын дамытудың кешенді бағдарламасы аясында Семей қаласында 170 автобус құрастырылмақ. Бұл туралы Семей қаласының ақпараттық орталығы хабарлады.
04.04.2019
-
БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шоттары автоматты түрде ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БЖЗҚ жүйесінде бірқатар өзгеріс орын алуда. Биыл 19 наурызда БЖЗҚ-ның барлық филиалында осы жылғы алғашқы «Ашық есік күні» өткізілді. БЖЗҚ тұрғындарға, салымшылар мен алушыларға зейнетақы жүйесіне қатысты маңызды сұрақтар бойынша, зейнетақы заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы тұрақты түрде ақпарат беріп келеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
04.04.2019
-
Дінді өздерінің теріс ниетіне пайдаланғысы келетін топтар бар – Айдар Есенбеков
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздегі дін мәселесі қорқынышты жағдайда деп айта алмаймыз, дегенмен белгілі бір деңгейде алаңдаушылық бар. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Айдар Есенбеков брифинг кезінде айтты.
04.04.2019
-
Мамин «Самұрық-Қазына» қорының директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
04.04.2019
-
Әшімбаев: «Халыққа көмек» – халыққа нақты көмек көрсетеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәулен Әшімбаев партияның республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады.
04.04.2019
Наверх