Жаңалықтар
-
-
Әбдіқалықова көпбалалы аналармен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша көпбалалы аналармен кездесті.
04.05.2019
-
Арнайы қызмет өкілдері қытайтанушы Константин Сыроежкинді қамауға алды
Алматы, BAQ.KZ. Қазақстанның арнайы қызметі танымал саясаттанушы Константин Сыроежкинді ұстады, деп жазды ЦентрАзия басылымы.
04.05.2019
-
Ұлы жеңістің құрметіне орай ардагерлер арасында жарыс өтті
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Түркістан қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығын мерекелеуге арналған ардагерлер арасында дойбы, шахмат, бильярдтан жарыс өткізіліп жатыр.
04.05.2019
-
Патриоттық сайыста 30 жылдық тарихы бар ауыл клубы жеңімпаз атанды
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ұлттық ұланы Орталық өңірлік қолбасшылығына қарасты 66 97 әскери бөлімінде өткен «Мен Жеңіс мұрагерімен» атты байқауда өңірдің әр аймағынан келген 11 команда сайысқа түсті.
04.05.2019
-
Елордалық полицейлер Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық Полиция департаментінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Театр оркестрі ардагерлерге арнап ән шырқап, полиция қызметкерлері жылы лебіздерін білдірді, деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.
04.05.2019
-
Елордада "Шыңғысхан" хореографиялық спектаклі қойылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл қойылым Азиядағы тұңғыш біртұтас мемлекет құрушы, өз заманының аса ірі әскери қолбасшысы Шыңғысханға арналады. Спектакльдің премьерасы маусым айына жоспарланып отыр.
04.05.2019
-
Рамазан айында елордада қайырымдылық акциялары ұйымдастырылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас кеңсесінде қасиетті рамазан айына байланысты баспасөз мəслихаты өтті. Бұл туралы басқарманың баспасөз қызметі хабарлады.
04.05.2019
-
Президенттікке үміткер Дания Еспаева ресми түрде тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Орталық Сайлу комиссиясы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына Дания Еспаеваны ресми түрде үміткер ретінде тіркеді.
04.05.2019
-
Курсанттар кәсіби тәжірибелерін шыңдады
Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының 3-курс курсанттары кәсіби тәжірибеден сәтті өтті. Бұл туралы аталған институттың баспасөз қызметі хабарлады.
04.05.2019
-
Түркістанның сауда орындары қала сыртына көшіріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласының аумағында жалпы 9 базар, 8 сауда қатары қызмет етуде. Сауда алаңдары мен базарларды және сауда нүктелерін бір жүйеге келтіру мақсатында қала сыртынан азық-түлік және тағы басқа тауарларды саудалайтын базарлар үшін 50 гектар жер телімі белгіленген. Бұл туралы Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі жазды.
04.05.2019
-
Қазақстандықтардың зейнетақы жүйесіне деген сенімі артқан
Алматы, BAQ.KZ. Жыл сайын жүргізілетін тәуелсіз әлеуметтік зерттеу қорытындысына сай халықтың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылығы, жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына деген сенім деңгейі айқындалды. Бұл туралы БЖЗҚ мәлімдеді.
04.05.2019
-
Шалғай ауылдың тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетілді
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің барлық аймағында «Медицина жаныңда!» акциясы өткізіліп жатыр. Осыған орай, Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданы, Құтарыс ауылдық дәрігерлік амбулаториясында акция ұйымдастырылды.
04.05.2019
-
Алматыда жұмыс орнындағы денсаулық мәселесі талқыланды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласында Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы «Саламатты жұмыс орындары» ДДСҰ жобасын іске асыру аясында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің қолдауымен қаладағы өнеркәсіптік кәсіпорындар мен мемлекеттік ұйымдардың өкілдері үшін техникалық консультация жүргізді.
04.05.2019
-
Тоқаевтың Түркістан облыстық қоғамдық штабы құрылды
Түркістан облысы, BAQ.KZ. Бүгін 4 мамырдан бастап Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Түркістан облыстық қоғамдық штабы құрылды. Облыстық қоғамдық штабты бесінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, облыс әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған Ұласбек Сәдібеков басқарады.
04.05.2019
-
Nur Otan-ның Алматы қалалық сайлауалды штабы өз жұмысын бастады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Штаб жетекшісі, Nur Otan партиясының Алматы қалалық мәслихатындағы депутаттық фракция мүшесі Рахман Алшанов бүгінгі өткен брифингте мәлімдеп, штабтың сайлауалды жұмыстарының басталғаны жайында толық айтып берді.
04.05.2019
-
Мамыр айынан көпбалалы отбасыларға жалдамалы пәтерлер беріле бастады – депутат
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Енді мамыр айынан бастап көпбалалы отбасыларға жалдамалы пәтер беріледі. 30 сәуір күні көпбалалы отбасыларға пәтер беру бойынша заң қабылданып, президенттің қол қоюына жіберілді. Бұл туралы ҚР Парламен Мәжілісі депутаты Гүлмира Исімбаева Алматыда көпбалалы аналармен кездесу кезінде айтты.
04.05.2019
-
Көпбалалы отбасыларға тұрғын үй алу үшін жеңілдікпен несие беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеңілдікпен несиелендіру тұрғын үй алу үшін көпбалалы отбасыларға ұсынылады. Бұл туралы ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов айтты, деп жазады primeminister.kz.
04.05.2019
-
Қазақстан футболында «Беларусь бапкерлері» трендте
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Атырау» футбол командасы бас бапкерін ауыстырды. Осыған дейін қызмет атқарған ресейлік Виктор Кумыковтың орнына беларусь Олег Дулуб келді.
04.05.2019
-
Апатты жағдайдағы жатақханалардың проблемасын биыл шешеміз – әкім
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атыраудағы апатты жағдайда тұрған жатақхана тұрғындары жаңа қонысқа көшіріледі. Қалада қазір алты және тоғыз қабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр.
04.05.2019
-
«Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне баспана бірінші кезекте беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмаларын орындау аясында елімізде көп балалы отбасыларға тұрғын үй беру жұмыстары басталды. Көп балалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі алға қойылған міндеттерді іске асыру барысы туралы primeminister.kz сайтына берген сұхбатында ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов айтып берді.
04.05.2019
Наверх