Жаңалықтар
-
-
SAMGAU халықаралық фестиваліне 15 театр қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10-16 маусым аралығында елордада VII SAMGAU халықаралық театр өнері фестивалі өтеді. Шара жыл сайын Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады және Елорда күніне арналған мерекелік шаралар легін бастайды, деп хабарлады қалалық Мәдениет және спорт басқармасының баспасөз қызметі.
07.06.2019
-
Маусым айында медициналық қызметкерлердің жалақысы 30% артады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл маусым айынан бастап денсаулық сақтау жүйесінде еңбек ететін барлық қызметкерінің, яғни 400 мыңға жуық адамның жалақысы 30%-ға өседі, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
07.06.2019
-
Павлодар облысында мамыр айында жұмыртқа арзандаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірде мамыр айында жұмыртқаның бағасы 3% арзандады. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.
07.06.2019
-
Алматыда электрлі самокаттарды жалға беретін қалалық сервис ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда «OZIM SCOOTERS» өздігінен жүретін электрлі құралдарды минут бойынша жалға беретін сервис іске қосылады. Бұл туралы Алматы қаласының ресми сайты хабарлайды.
07.06.2019
-
1 айда «Еңбек» бағдарламасының қатысушыларына мыңға жуық несие берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ 60 млрд теңгеге жуық несие беруді жоспарлап отыр. Оның ішінде Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына – 27,5 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлады қолдау қорының баспасөз қызметі.
07.06.2019
-
ШҚО-ға туристер тарту мақсатында жаңа жоба әзірленуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыстағы технотуризм саласын дамыту мақсатында арнайы жоба әзірленуде. Егер бұл жоба мақұлданатын болса, одан түсетін табыс көзі мол болмақ. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.
07.06.2019
-
Түркістанда ең ірі жылыжайдың құрылысы салынады
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Келес ауданы, Бірлік ауылы округінде ең ірі 500 гектарды құрайтын жылыжайдың құрылысы салынбақ. Құны 1 млрд 100 млн доллар тұратын жоба Қазақстандағы ең үлкен жылыжай болмақ. Жоба кезең-кезеңімен 2025 жылға дейін іске асырылады. Бұл туралы Келес ауданына арнайы ұйымдастырылған пресс-тур барысында белгілі болды.
07.06.2019
-
Сайлаудан кейін әлеуметтік көмек тоқтатылмайды - Қуанышбек Ысқақов
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Президент сайлауынан кейін елімізде атаулы әлеуметтік көмекті төлеу тоқтатылады деген жалған ақпарат. Атаулы әлеуметтік көмек беру алдағы уақытта да жалғасын табады. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қуанышбек Ысқақов мәлімдеді.
07.06.2019
-
Атырау көшелеріне 25 мыңнан астам ағаш отырғызылады
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау қаласын алдағы бесжылдықта көркейту-абаттандыру жұмысына 5 млрд теңге бөлінген. Жыл сайын Атырау көшелеріне 350 мыңға жуық түп біржылдық гүл отырғызылады.
07.06.2019
-
Қарағандыда заңсыз жасалған 16 мың бөтелке спирттік ішімдік тәркіленді
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыда құқық қорғау органдарының қызметкерлері алкоголь және темекі өнімдерін заңсыз жасап, сатылымға шығармақ болмақ азаматты ұстады.
07.06.2019
-
Ақтаудағы жабық бассейндерде 100-ден астам оқушы тегін жаттығады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтаудағы жабық бассейндерге екі мыңға тарта бала барады. Соның ішінде жүзден астам оқушы тегін жаттығады. Олар республикалық жарыстарда өңір намысын қорғап жүрген жеткіншектер. Бұл туралы 24kz сайты хабарлайды.
07.06.2019
-
ШҚО-да 33,5 мың оқушы мектеп формасымен қамтылмақ
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Аудан, қала әкімдерінің басын қосқан селекторлық кеңесте өңір басшысы Даниал Ахметов мектеп формасын қажет ететін оқушыларға көбірек назар аударылуы қажеттігін ескертті.
07.06.2019
-
«Қарапайым заттар экономикасы» жобасы аясында қарағандылық кәсіпкерлерге қолдау көрсетілуде
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыда «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлерге қолжетімді несие беру бойынша шаралар атқарылуда. Осы мақсатта «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры», «Халық Банкі» мен «Альфарух Logistic» кәсіпорындары өзара серіктестік жайлы меморандумға қол қойды.
07.06.2019
-
Атырау қаласында «сергек» камераларын орнатуға 10 млрд теңге бөлінді
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауға «Сергек» бейнекамералары орнатылып жатыр. Қазіргі уақытта шаhардағы жол тәртібін бақылайтын мұндай бейнекамераның бесеуі Бейбарыс даңғылы мен Сәтпаев көшесінің бойында орналасқан. Олардың жалпы құны – 10 млрд теңге.
07.06.2019
-
Павлодар облысында жазғы лагерьлер жұмысын бастады
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде қала сыртындағы лагерьлер жұмыстарын бастады. Алғашқы демалушыларын қабылдағандардың қатарында «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығы бар.
07.06.2019
-
СІМ-де Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Чжан Сяоны қабылдады.
07.06.2019
-
ШҚО-да жыл соңына дейін АӘК алушылар саны 55 мыңға жетуі мүмкін
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылдың соңына дейін атаулы әлеуметтік көмекпен 46 мың адамды қамту жоспарланған, алайда соңғы екі айдың ішінде оларды саны 49,5 мың адамға өскен.
07.06.2019
-
7 маусымға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін атмосфералық ауа фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр, кей жерінде қатты жаңбыр жауады, тек батыста және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз болады.
07.06.2019
-
Еліміздегі бассейндерде қауіпсіздік күшейтіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бассейндерге қадағалау күшейеді. Бұл туралы 24kz сайты хабарлайды.
06.06.2019
-
Сайлау күні «Red Bus» туристік автобустарда экскурсия тегін өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жазғы маусымның ашылуына және Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының өткізілуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары 9 маусым күні «Red Bus» экскурсиялық автобустарында сол жағалау бойынша тегін экскурсияға қатыса алады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
06.06.2019
Наверх