Жаңалықтар
-
-
Қоғамды дүрліктірген 89-бап: Бекболат Тілеуханды депутаттар қолдамады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексі жобасы екінші оқылымда мақұлданды.
13.05.2020
-
Жамбылдан Мақтааралға тағы гуманитарлық көмек жөнелтілді
Жамбыл облысы. BAQ.KZ тілшісі. "Nur Otan" партиясының Жамбыл облыстық филиалы "Жамбылдық нұротандықтар - мақтаралдықтармен бірге!" ұранымен Түркістан облысына қарасты Мақтарал ауданындағы су тасқыны қиғасынан зардап шеккендерге 15 тоннадан астам азық-түлік пен бірінші кезектегі қажет тауарларларды жөнелтті.
13.05.2020
-
Коммуналдық төлемді өтеу жөніндегі ережеге өзгеріс енгізілді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Коммуналдық төлемді өтеу бойынша ережеге өзгерістер енгізілді. Енді адамдардың өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелерінің жеке шоттары болған кезде коммуналдық қызметтер бойынша шығындар өтеледі. Бұл туралы Алматы қаласы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму Басқарма басшысы Әсет Масабаев брифинг барысында айтты.
13.05.2020
-
Мақтааралға 260 тонна көмек келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Nur Otan" партиясының "Біз біргеміз" акциясы аясында Алматы облысынан Мақтаарал ауданына 15 жүк көлігіне тиелген 100 тонна азық-түлік пен 160 тонна құрылыс материалдары келіп жетті.
13.05.2020
-
Бюджет қаражатын игермеген мемлекеттік органдар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үкімет отырысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары, қаржы министрі Әлихан Смайылов бюджет қаражатын игере алмай отырған мемлекеттік органдарды атады.
13.05.2020
-
"5-10-20" пилоттық жобасы әзірлене бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі (ТҚЖБ) "Нұрлы жер" бағдарламасының жаңа бағыты – "5-10-20" пилоттық жобасын әзірлеуді бастады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
13.05.2020
-
Таиландта індет басталғаннан бері алғаш рет COVID-19 оқиғасы анықталған жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таиландта індет басталғаннан бері алғаш рет коронавирусты жұқтырудың бірде-бір жаңа оқиғасы анықталған жоқ.
13.05.2020
-
Елдегі барлық букмекерлік кеңселер екі қалаға көшіріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар арнайы ойын аймақтарына көшірілуі мүмкін екені айтылды.
13.05.2020
-
Елордалық автобустардың жүру ережесі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде 11 мамырда ТЖ режимі аяқталды, бірақ Нұр-Сұлтанда әлі де карантин жалғасуда. Сол себепті елордалық автобустар таңғы сағат 07.00-ден кешкі 21.00-ге дейін қатынайды. Бірінші кезеңде жолға қалалық бағдарлар шықты.
13.05.2020
-
МӘМС: Елордалықтар 38,4 млрд теңгеден аса жарна аударды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
13.05.2020
-
Індетпен күрескендерге арналған тағы бір мурал пайда болды
Алматы, BAQ.KZ. Коронавируспен күресті және одан жаһанды құтқарып қалу әрекетін бейнелейтін ашық бояулы суреттер Алматыдағы Төле би мен Чокин көшелерінің қиылысындағы үй қабырғасына салынды.
13.05.2020
-
Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қазіргідей күрделі кезеңде қолдау көрсетіп, гуманитарлық көмек бергені үшін алғыс айтып, жеделхат жолдады, деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.
13.05.2020
-
#Желмая. Тайжанның тартысы. Пияздан пандемияға дейін
Жобамыздың бүгінгі қонағы саясаткер, экономика ғылымдарының докторы – Мұхтар Тайжан.
13.05.2020
-
Теңіз кенішінде тағы 90 жұмысшыдан вирус анықталды
Алматы, BAQ.KZ. Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 432 адамға жетті. Бұл туралы Атырау облысындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб мәлім етті.
13.05.2020
-
МӘМС: Ертіс өңірі халқының басым бөлігі сақтандырылған
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде төтенше жағдай кезінде бірыңғай жиынтық төлем жасағандардың саны сегіз есеге артқан. Бұл тұрғындардың әлеуметтік мәртебесін өзектендіруге оң әсерін тигізді.
13.05.2020
-
"7-20-25": Қарағанды үшін сатып алынатын тұрғын үй құны ұлғайтылды
Алматы, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының шешімімен Қарағанды қаласында "7-20-25" бағдарламасының шеңберінде сатып алынатын тұрғын үйдің шекті құны 15 млн теңгеден 20 млн теңгеге дейін ұлғайтылды.
13.05.2020
-
Азартқа беріліп кеткен бәс тігушіні туыстары сотқа бере алатын заң қабылданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында ойын бизнесіне қатысты заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
13.05.2020
-
Алматыда залалсыздандыру жұмыстары жалғасып жатыр
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда көпқабатты тұрғын үйлерді, балалар және спорт алаңдарын залалсыздандыру жұмыстары жалғасып жатыр.
13.05.2020
-
Букмекерлік кеңселерде тек спорттық жарыстарға бәс тігілетін болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандағы букмекерлік кеңселерден тек спорттық жарыстарға ставкаларды қабылдау талап етілуі мүмкін. Бұл туралы ҚР мәдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты.
13.05.2020
-
Букмекерлік кеңселерде бәс тігетіндер туралы мәліметтер жинақталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде букмекерлік кеңселердегі ставкаларды есепке алу орталығы құрылады. Бұл туралы ҚР мәдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты.
13.05.2020
Наверх