«Бизнестің жол картасы–2025». Мемлекет қолдауына ие болған кәсіпорындар

14 Қыркүйек 2020, 20:19
3372
Бөлісу:
«Бизнестің жол картасы–2025». Мемлекет қолдауына ие болған кәсіпорындар
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорындарға баспасөз туры ұйымдастырылды. Шара барысында осындай қолдау көрсетілген кәсіпорындар жұмысы таныстырылды.


Жеңілдікпен несие алған компаниялардың қатарында «ТАЛ Инженеринг Қазақстан» ЖШС тас төсеуіш плиталарын өндіретін компаниясы болды.

TEMA0926.jpg

Осы ретте компания өкілі кәсірорын жұмысы туралы айтып берді.

TEMA0984.jpg

Компания тротуар плиталарын, брусчаткалар, бордюрлер мен бордюрлар шығарумен айналысады. Сондай-ақ неміс технологиясымен стандартымен автоматтандырылған. Құм, қиыршық тас, цемент, химиялық қоспалар барлығы талаптарға сәйкес жеткізіледі. Компанияның әр қызметкері нұсқаулық бойынша жұмыс істейді. Өндірілген тауармен тек елорданы, соңғы жылдары Түркістан облысын қамтамасыз етіп келеміз. Карантин кезінде қиындықтар кездесті. Бұл жағдай енді басталғанда басқа кәсіпорындар сияқты жұмысты тоқтатуға тура келді. Кейін кәсіпорнымыз жұмысты жалғастыратындар тізіміне еніп, барлық қажетті карантин талаптарын сақтап, жұмысты бастады. Карантин кезіндегі жұмыс тоқтағанын қазір сезініп жатырмыз. Себебі өнімді шығару қазір қарқынды жүруде, - деп атап өтті «ТАЛ Инженеринг» компаниясының өндірістік директоры Александр Калентьев.
TEMA0897.jpg

TEMA0909.jpg

Оның айтуынша, кәсіпорында 150-ге жуық қызметкер бар. Барлығы дерлік қазақстандық мамандар. Олардың орташа айлық жалақысы 150-200 мың теңге.

TEMA0954.jpg

TEMA0960.jpg

Бұл бетон, цемент өнімдерінің бір бөлшегі. Қазақстан аймағынан әкелінген құм, тасты құм.

TEMA1017.jpg

TEMA1012.jpg

Сонымен қатар, «Ярко Групп 2011» кәсіпорны Нұр-Сұлтан қаласындағы сабын және жуғыш заттар өндіретін жалғыз ұйым, ол бірнеше жылдан бері «Даму» қорының жеңілдіктік несиесін алып келеді.

TEMA1058.jpg
Бұл бизнесті 2013 жеке үйді жалдаудан бастадық. Ол жақта өнімді жасайтын 3 пешіміз болды. Қазір көрсетілген мемлекеттік қолдаулардың арқасында үлкен цех аштық. Компания қол жуатын сұйық сабын, сусабындар, ыдыс, еден, әйнек жууға арналған құралдар өндірумен айналысады. Өнімдерімізге елорда мен оның аймағынан, сондай-ақ Алматыдан тапсырыстар келеді. Осылайша тауар айналымы да өсуде. Қаржыландыру жақсы болса, жарнамамен айналысушы едік. Себебі біздің өндіріп жатқан тауарымыз шетелдік химиялық тұрмыстық заттардан артық болмаса, кем түспейді. Қазір кәсіпорында 13 адам қызмет етеді. Алдағы уақытта өндірісті ұлғайтқымыз келеді. Ол үшін жүйені автоматтандыру қажет. Себебі қазір жұмыстың бәрі қолмен жасалып келеді, - деді кәсіпорнының меңгерушісі Гүлнар Валиева.
TEMA1034.jpg

TEMA1008.jpg

Меңгерушінің сөзінше, карантин кезінде өндірістің жұмысына сұраныс арта түскен.

TEMA1082.jpg

TEMA1088.jpg

Сонымен қатар экологиялық қағаз пакеттерін өндіретін жас компанияның тынысымен де таныстық.

TEMA1130.jpg

Біздің компания қағаз пакеттерін өндірумен айналысады. Пакет қағаздан жасалған, ешқандай синтетикалық қоспалар қосылмаған, 100% экологиялық таза өнім. Бұл пакеттердің басты ерекшеліктері - қайта өңделу және тез жойылу мүмкіндігі. Бұл өнімдерді Қазақстанның барлық аумағына жеткіземіз. Сондай-ақ, карантин енгізілгенде жұмыс уақытша тоқтады. Алайда қазір үлкен сауда орталықтары жұмысы да іске қосыла бастағандықтан біздің жұмысқа да сұраныс арта бастады. Компания жұмысына бір жылдай ғана уақыт болды. Бастапқы кезде пакеттерді арзан әрі қолжетімді болуы үшін «ручкасыз» жасадық. Дегенмен нарықтың сұранысы бойынша қол сөмкесін шығаруға арналған қосымша желіні жаңарту ұсынылды. Сондықтан процесті автоматтандыру үшін қосымша құрал-жабдық алуға «Даму» қорына жүгіндік. Бизнесті жаңа бастап жатқандарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша кредит беруге өтінім бердік. 5 жыл мерзімге жылдық 6%-дық жеңілдік мөлшерлемемен 20 млн сома қарыз алынды, - деп тәжірибесімен бөлісті компания басшысы Қуаныш Жапаков.
TEMA1133.jpg

TEMA1105.jpg

TEMA1125.jpg

Оның сөзінше, пакеттердің көлемі бойынша бағасы 55 теңгеден басталады.

TEMA1156.jpg
Бүгін кәсіпкерлікке қолдау көрсету бойынша бірнеше жобамен танысу үшін жиналдық. Әр түрлі бағдарлама бойынша қолдауға ие болған үш кәсіпорынның жұмысымен таныстық. «ТАЛ Инженеринг Қазақстан» бетон өнімдерін шығаратын ауқымды жоба. Сонымен қатар шамамен 150-ден аса адамды жұмыспен қамтып отыр. Жобаның қолдау үшін ҚР Ұлттық қорынан қаражат пайдаланылды және 6%-дық жеңілдетілген ставкамен берілді. Ал екінші кәсіпкер бірнеше жыл бойы әр түрлі бағдарлама бойынша көмек алды. Енді технологиялық конвейерлік желіні автоматтандыру үшін Қорға жүгініп отыр. Үшінші жобаның ерекшелігі – ол стартап. Сондай-ақ экологиялық таза өнімді шығарады. «Еңбек» бағдарламасы бойынша қолдауға ие болған жоба, - деп баспасөз туры барысында тексерілген жұмыс объектілері туралы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның клиенттермен жұмыс жөніндегі бас менеджері Болат Қатаров айтып берді.
TEMA1162.jpg

Сонымен қатар «Даму» қорының өкілі індет салдарынан «Жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасына айтарлықтай өзгерістер енгізілгенін айтты.

TEMA1145.jpg
«Даму» қоры кәсіпкерлерді қолдайтын көптеген бағдарламалар мен құралдарды басқарады. Індет салдарынан «Жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасына айтарлықтай өзгерістер енгізілді. Оның шеңберінде кейбір бағыттар бойынша өзгерістер енгізілген. Атап айтқанда кәсіпкерлер субсидия пайдалана алады. Бұл өтемақы, кәсіпкерге төленетін сыйақының 6 пайызға дейінгі бөлігі, кәсіпкер үшін соңғы ставка. Сондай-ақ кепілдік құралы да бар. Жаңа бастаған кәсіпкерге кепілдік мүлкі жетіспеген жағдайда 80 пайызға дейін қор кепілдемесін ұсына аламыз. Ал жұмыс істеп тұрған кәсіпкер үшін 50 пайыз. Сондай-ақ «Жол картасы» бағдарламасы аясында кәсіпкерлерді қолдауға арналған «Қарапайым заттар экономикасы» қолдау жобасы бар. Оның негізгі бағыты – микрокредиттеу. Мұнда да кәсіпкерлер үшін 6%-ға дейінгі жеңілдік қарастырылған, - деді Болат Қатаров.
TEMA1160.jpg

Айта кетейік, 2020 жылы «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде елордалық кәсіпкерлерге жалпы сомасы 17,8 млрд теңгеге 82 жобаға пайыздық мөлшерлемені субсидиялау түрінде қаржылық қолдау көрсетті. Қордың аталған бағдарлама бойынша кепілдемесін жалпы сомасы 6,49 млрд теңгеге кәсіпкерлердің 92 жобасы иеленді.

TEMA1171.jpg

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде басым салаларда 2 жыл ішінде 19 елордалық жоба 19,3 млрд теңге сомасына қолдау тапты. Қаражатты шартталған орналастыру бағдарламасы аясында жалпы сомасы 35,66 млрд теңге мөлшерінде 403 жоба қаржыландырылды. «Даму Оптима» бағдарламасы бойынша 116,5 млн теңге көлемінде кепілдік сомасымен 262 млн теңге сомасына жобалар қаржыландырылды.
   
Өзгелердің жаңалығы