Жаңалықтар
-
-
ШҚО тұрғынына ұрланған бір үйір жылқысы қайтарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жарма аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 27 жастағы Белтерек ауылы шаруа қожалығының басшысы арызбен келіп, қаңтардың ортасында бір үйір жылқысының жоғалып кеткені туралы арызбен жүгінген. Еркін жайылымнан барлығы 24 бас ұрланған.
15.03.2021
-
Қазақстанда коронавирустың британиялық штамы анықталды ма?
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында шетелден келушілер арасында коронавирустың британиялық штамы анықталды ма деген сұраққа жауап берді.
15.03.2021
-
Дәрігер: Бүйрек ауруының алдын алу қарапайым анализ тапсырудан басталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елде бүйрек қызметінде ақауы бар жандардың 47 пайызының дерті асқынған, 1700 науқас трансплантация кезегінде тұр. Мұндай статистиканы Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі Салтанат Туғанбекова Денсаулық сақтау министрлігінің парақшасында өткен кездесу кезінде айтты.
15.03.2021
-
Жылжымайтын мүлікті сатудан түскен табыстың салық міндеттемелері қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік кірістер комитетінде дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаның Қазақстан Республикасындағы жылжымайтын мүлікті сатуы кезінде құн өсіміне салық салу тәртібіне түсіндірме берді.
15.03.2021
-
Италияда жаңа локдаун күшіне енді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Билік елде коронавирустық індет көктемнің екінші жартысынан бастап төмендейді деп болжап отыр.
15.03.2021
-
Жемқорлықтың ең жоғары үлесі – заңсыз сыйақы беру
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Facebook-тегі ресми парақшасында «Әкімшілік тәжірибе - сыбайлас жемқорлықты алдын алудың тиімді құралы» тақырыбы аясында өткен онлайн кездесу барысында агенттік төрағасының кеңесшісі Анар Жарова айтты.
15.03.2021
-
Еліміздің халықаралық шарттары туралы заңға өзгерістер енгізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тиісті заңға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
15.03.2021
-
САУАЛНАМА. Латын қарпі жайында жұрт не біледі?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жуырда Ұлттық комиссия отырысында лантын графикасына негізделген жаңа әліпби таныстырылды. Мамандардың айтуынша, халықтың басым көпшілігі латын графикасына ауысуға қарсы емес. Осы ретте елорда тұрғындарының да пікірін білген едік.
15.03.2021
-
Анар Жарова: Агенттік құзыретін заңнамалық бөлу өз функциясын толыққанды іске асыруға мүмкіндік береді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Facebook-тегі ресми парақшасында «Әкімшілік тәжірибе - сыбайлас жемқорлықты алдын алудың тиімді құралы» тақырыбы аясында өткен онлайн кездесу барысында агенттік төрағасының кеңесшісі Анар Жарова айтты.
15.03.2021
-
Иманжүсіптен Иманбекке дейін. Керекуден шыққан әншілер мен музыканттар
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Павлодар облысының тумасы Иманбек Зейкенов (Imanbek) Roses SAINt JHN композициясымен әлемдік «Грэмми» (Grammy) жүлдесін жеңіп алған болатын. Осы ретте Кереку өңірінен шыққан атақты әншілер мен композиторларды, музыканттарды тізіп шыққанды жөн көрген едік.
15.03.2021
-
Ербол Өстеміров: Бизнесті «таза парақтан» реттеу арқылы қорғай аламыз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазір мемлекеттік органдар елдегі кәсіпкерлерді орынсыз тексеруін азайтпай отыр. Статистикаға қарасақ, кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тарту саны көбейген. 2015 жылмен (235 мың) салыстырғанда 2019 жылы (500 мыңнан аса) екі есе дерлік артқан. Бұл әрбір үшінші бизнесмен әкімшілік жауапқа тартылғанын білдіреді. Мұндай пікірді «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының кеңесшісі Ербол Өстеміров айтты.
15.03.2021
-
Моңғолияда құмды дауылдан 6 адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Моңғолияның Дундговь аймағында құмды дауылдан алты адам қаза тапты, деп жазды centralasia.media.
15.03.2021
-
Музыкатанушы Юрий Аравин «Отан» орденімен марапатталды
Алматы, BAQ.KZ. Көрнекті музыкатанушыға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік награданы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тапсырды.
15.03.2021
-
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңына жерленген тағы 12 тұлға белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған ғылыми кеңесте тағы да он екі тұлғаның Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен маңына жерленгені туралы тарихи деректер мақұлданды. Бұл туралы музейдің баспасөз қызметі хабарлады.
15.03.2021
-
Вирусты қоғамдық көлікте жұқтыру қаупі 25%-ға дейін жетіп отыр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов өңірлік коммуникация алаңында өткен онлайн брифингте айтты.
15.03.2021
-
Иманбектің жеңісі барша қазақ жастарын қанаттандырғаны сөзсіз – Әшімбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отандасымыз, талантты музыкант Иманбек Зейкеновті «Грэмми» сыйлығын жеңіп алуымен шын жүректен құттықтаймын деп жазды Facebook-тегі парақшасында Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.
15.03.2021
-
Маминнің БАӘ сапары: 2,2 млрд доллардың инвестициялық келісімдеріне қол қойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Асқар Мамин Абу-Даби қаласына жұмыс сапары аясында Біріккен Араб Әмірліктерінің вице-президенті және Премьер-министрі, Дубай әмірі Мұхаммед ибн Рашид әл Мактуммен және БАӘ Премьер-министрінің орынбасары, Президент істері жөніндегі министрі шейх Мансұр бен Заид әл Нахаянмен келіссөз жүргізді.
15.03.2021
-
Алматылық инфекционист вакцина адамды қанша уақытқа дейін сақтайтынын айтты
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы эпидемиологиялық жағдай бойынша "қызыл аймақта" тұр. Соңғы тәулікте мегаполисте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 342 жаңа жағдайы тіркелді.
15.03.2021
-
Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері Орталық Азиядағы ахуал жөнінде пікір алмасты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
15.03.2021
-
Қазақстан Қырғызстанның үшінші ірі сауда серіктесі – Сұлтанов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстандағы келіссөздер ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың өткен аптада қырғыз әріптесі С. Н. Жапаровтың Қазақстанға алғашқы ресми сапары шеңберінде екіжақты кездесу кезінде берген тапсырмасы бойынша, сауда-экономикалық келіссөздер жүргізу үшін үкіметтік делегацияның басшылығымен Бішкекке келдім. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Facebook-тегі парақшасында жазды.
15.03.2021
Наверх