Жаңалықтар
-
-
2026 жылдан бастап Қазақстанда зейнетақы мен ең төменгі күнкөріс деңгейі қалай өзгереді
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зейнетақы төлемдері 10 пайызға өседі. Бір қарағанда, бұл көрсеткіш аса жоғары емес сияқты. Алайда Ұлттық банктің болжамына сәйкес, келесі жылы инфляция деңгейі 9–11 пайыз аралығында болуы мүмкін. Демек, зейнетақыны индекстеу бағалар мен қызметтердің қымбаттау қарқынына сай жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
02.11.2025
-
"Тұрсынбектің бассүйегінің төрттен бір бөлігі жоқ" – Мөлдір Мұқанова
Бұл туралы қазақстандық продюсер Мөлдір Мұқанова журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
02.11.2025
-
Жеті секундқа өліп, қайта тірілген ғалым не көргенін айтып берді
Испан ғалымы Алекса Гомес Марин клиникалық өлімді бастан өткеріп, сол сәтте көрген әсерлерімен бөлісті. Мариннің айтуынша, ол көргендері “шын өмірден де шынайы” болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
02.11.2025
-
Танзанияда сайлаудан кейін тәртіпсіздіктер болып, адамдар қаза тапты
Танзанияда сәрсенбі күні өткен жалпыұлттық сайлаудан кейін үш күнге жалғасқан наразылықтар салдарынан жүздеген адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ BBC агенттігіне сілтеме жасап.
02.11.2025
-
Пойыздағы шабуыл: тоғыз адам ауыр жарақат алды
1 қараша күні кешке Донкастер – Лондон бағытымен келе жатқан пойызда пышақпен қаруланған ер адам жолаушыларға шабуыл жасады. Салдарынан тоғыз адам өміріне қауіп төндіретін жарақат алды, тағы бір адам орташа деңгейде жараланған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
02.11.2025
-
"Көлік, шуба, бриллиант – бәрі соның үстінде": Тұрсынбектің көңілдесі туралы айтқан Мөлдір көзіне жас алды
Қазақстандық продюсер Мөлдір Мұқанова алғаш рет отбасылық өмірі, әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен ажырасуы туралы айтып, журналист Жанар Байсемізге ашық сұхбат берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
02.11.2025
-
Дүкендегі өрттен 22 адам қаза тапты
Мексиканың солтүстік-батысында орналасқан Эрмосильо қаласында қайғылы оқиға болды — жергілікті дүкендердің бірінде шыққан өрт салдарынан 22 адам, оның ішінде төрт бала көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ El Universal газетіне сілтеме жасап.
02.11.2025
-
Қазақстандық оқушылар Панамадағы робототехника чемпионатында төрт дүркін әлем чемпионы атанды
Қазақстан оқушыларының робототехникадан Ұлттық құрамасы Панама-Ситиде өткен FIRST Global Challenge (FGC) 2025 Бүкіләлемдік Олимпиадасында биыл қатарынан төртінші жыл айрықша жеңіске жетіп, тағы да тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
02.11.2025
-
Мөлдір Мұқанова: "Тұрсынбектің жанынан сол адамды көргенде 24-қабаттан секірмекші болдым"
Қазақстандық продюсер Мөлдір Мұқанова алғаш рет отбасылық өмірі, әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен айырылысуы туралы айтып, журналист Жанар Байсемізге ашық сұхбат берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
02.11.2025
-
Рим қаласында Абайдың бюсті орнатылды
Бұл шара – ұлы ойшылдың 180 жылдық мерейтойы аясында халықаралық деңгейде жүзеге асқан маңызды мәдени бастама. Жобаны жүзеге асыруға Абай облысы әкімдігі мен өңірдің меценат азаматтары айрықша үлес қосты. Бюстің орнатылуына қажетті барлық қаржылық және ұйымдастырушылық қолдауды қамтамасыз етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
02.11.2025
-
2 қарашаға арналған валюта бағамы
Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау орындары доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдарын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
02.11.2025
-
Қосшыда өрттен 40 адам эвакуацияланды
Қосшыда өрттен 40 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
02.11.2025
-
Луврды тонау ісі бойынша екі күдіктіге ресми айып тағылды
Франция прокуратурасы Лувр мұражайындағы аса ірі көлемдегі ұрлық ісі бойынша ұсталған бес адамның екеуіне ресми айып тақты. Олар 102 миллион доллар тұратын зергерлік бұйымдарды ұрлауға қатысы бар деген күдікке ілінді, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
02.11.2025
-
Гепатит, герпес және COVID-19 жұқтырған маймыл зертханадан қашып кеткен
АҚШ-тың Миссисипи штатында полиция зертханадан қашып кеткен маймылды іздестіруде. Билік өкілдерінің мәліметінше, жануар гепатит C, герпес және коронавирусвирусларымен жұқтырылған, деп хабарлайды BAQ.KZ BILD басылымынасілтеме жасап.
02.11.2025
-
"Таза Қазақстан": Алматы облысында 130 түп терек пен 60 түп шырша отырғызылды
Алматы облысы Қарасай ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында бірқатар игі істер жүзеге асырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
02.11.2025
-
Елімізде пәтерге жалған тіркеу дерегіне қатысты жауапкершілік күшейтіледі
2025 жылғы 31 қазанда ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте бір мекенжай бойынша жалған тіркеу жағдайлары көбейгенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
02.11.2025
-
Мальдивтер 2007 жылдан кейін туғандарға темекі шегуге тыйым салды
Мальдив Республикасы 2007 жылдың қаңтарынан кейін туғандардың барлығына темекі шегуге тыйым салды, деп хабарлайды BAQ.KZ TASS агенттігіне сілтеме жасап.
02.11.2025
-
Полиция елордалық жүргізушілерге ескерту жасады
Полиция елордалық жүргізушілерге ауа райының қолайсыздығына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ ІІМ ведомстволық сайтына сілтеме жасап.
02.11.2025
-
Қазақстандық шекарашылар бір айда 4 мыңнан астам шетелдікті ұстаған
Қазақстандық шекарашылар қазан айында 4 мыңнан астам шетелдікті ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
02.11.2025
-
Алматы ипподромының аумағында тұрғын үй кешені салынбайды – әкімдік
"Алматы ипподромының аумағында тұрғын үй кешені салынбайды. Коммерциялық нысан ашылмайды". Әкімдік өкілдері мен ипподром басшылығы осылай дейді. Олардың айтуынша, әлеуметтік желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды және тарихи орын өз мәртебесін сақтап қалады, деп хабарлайды BAQ.KZ Аlmaty.tv-ға сілтеме жасап.
02.11.2025
Наверх