Жаңалықтар
-
-
Ербол Мырзабосынов дзюдодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздарын марапаттады
Семей қаласындағы «Абай-Арена» спорт кешенінде дзюдодан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының алғашқы жарыс күні өтті. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов финалдық белдесулерді арнайы тамашалап, ел біріншілігінде топ жарған спортшыларды марапаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
11.11.2025
-
Ұлыбританиядағы жалғыз әскери тікұшақ зауыты жабылуы мүмкін
Ұлыбританиядағы жалғыз әскери тікұшақ зауыты жабылуы мүмкін. Бұл туралы Financial Times басылымы зауытқа иелік ететін итальяндық Leonardo әскери-өнеркәсіптік концернінің бас директоры Роберто Чинголаниге сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
11.11.2025
-
Трамп: АҚШ кейбір елдер үшін импорттық баж мөлшерлемелерін арттырады
АҚШ президенті Дональд Трамп кейбір мемлекеттерге қатысты импорттық баж салығын көтеру жоспары бар екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Ақ үйде журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
11.11.2025
-
Нью-Делиде автокөлік жарылысынан 8 адам қаза тапты
Үндістан астанасында автокөлік жарылысынан 8 адам қаза тауып, 24 адам жарақат алды. Жарылыс Тарихи Қызыл Форт маңында орын алған, деп хабарлайды BAQ.KZ NDTV-ге сілтеме жасап.
11.11.2025
-
Трамп Ақ үйде Сирия президентімен келіссөз жүргізді
АҚШ президенті Дональд Трамп Сирия президенті Ахмад аш-Шарамен Ақ үйде келіссөз жүргізді. Бұл аш-Шара үшін 1946 жылдан бері алғашқы ресми АҚШ сапары болып отыр. Кездесу Ақ үйде жабық режимде өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
11.11.2025
-
ҚТЖ Сарыағаш өткелінде пойыз қозғалысын тұрақтандыру үшін шектеу енгізді
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы Орталық Азия елдеріне бағытталған қазақстандық экспорттың негізгі бөлігі өтетін Сарыағаш халықаралық өткелінде тасымалдау процесін тұрақтандыру шараларын қолға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
11.11.2025
-
Францияның бұрынғы президенті Саркози түрмеден босатылды
Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози қылмыстық қастандыққа қатысы бар деп бес жылға сотталғаннан кейін үш апта өткен соң түрмеден босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
11.11.2025
-
Бастауыш сынып оқушылары онлайн форматта оқиды
Павлодар облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
10.11.2025
-
Тоқаевтың Ресейге сапары қарсаңында Мәскеуде екі елдің тулары ілінді
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары қарсаңында Мәскеу қаласы екі елдің туларымен безендірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.
10.11.2025
-
Қар, тұман және көктайғақ: 15 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Ертең, 11 қарашада еліміздің 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
10.11.2025
-
Қазақстан мен Ауғанстан СІМ басшылары телефон арқылы келіссөз жүргізді
Ауған тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен Ауғанстан СІМ басшысы Әмір Хан Муттаки телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10.11.2025
-
Ислам ынтымақтастығы ойындары: Айбат Мырзамұратов қола медаль еншіледі
Қазақстандық жүзгіш Айбат Мырзамұратов Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында үздік үштікке енді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
10.11.2025
-
Тоқаев қаза тапқан сарбаздардың аналарының арызын 12 күнде қарауды тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскери борышын өтеу барысында қаза тапқан сарбаздардың аналарының арызын 12 күнде қарауды тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорлаға сілтеме жасап.
10.11.2025
-
"Анамызды жындыханаға жатқызды" деп шырылдаған 5 бала анасымен қауышып, үш бөлмелі пәтер сыйға алды
Ақтөбе тұрғыны Жұлдыз Тлеуфке мыңдаған қазақстандықтың қайырымдылық қорына аударған қаражаттары арқылы үш бөлмелі пәтер сыйланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.11.2025
-
Маңғыстау жолында дала мысығы байқалды
Әлеуметтік желілерде Ақтау маңындағы далалық жолда жүргізушінің жолда жатқан жануарды көрген видеосы пайда болды. Көптеген қолданушылар бұл сирек кездесетін жыртқыш деп болжады және пікірлерде болжамдарын жазды. Бұл жағдайға ECOJER қауымдастығының аймақтық экологиялық кеңесінің төрағасы Әділбек Қозыбаков пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
10.11.2025
-
Едіге Емберді Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола жүлде жеңіп алды
Қазақстан ауыр атлетикасы құрамасының өкілі Едыге Емберді Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында рывок сайысында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.11.2025
-
Қазақстан АҚШ-пен қарым-қатынасты прагматикалық шешім қабылдады – The Washington Post
Бүгін таңертең The Washington Post басылымы «Қазақстанның Авраам келісімдеріне қосылуға апарар қызық жолы» атты көлемді мақаланы жариялады. Материалда Қазақстанның аталмыш келісімдерге қосылу шешімінің себептері терең талданған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.11.2025
-
"Мас күйінде әкесін балағаттады": жезқазғандыққа сот үкімі шықты
Жезқазған қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты азамат «Б»-ға қатысты әкімшілік істі қарады. Мас күйінде әкесіне тіл тигізген ер адам 20 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды. Сот оған 6 айға алкоголь ішуге тыйым салды және профилактикалық бақылауға қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.11.2025
-
32 трлн теңгеге тексеру: Президент Жоғары аудиторлық палатаның жұмысын бағалады
Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдап. Қасым-Жомарт Тоқаевқа ведомствоның биылғы тоғыз айдағы қызметінің есебі және 2026 жылға арналған жоспары таныстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
10.11.2025
-
Қазақстанның үстел теннисі құрамасы Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына шықты
Қазақстанның үстел теннисі құрамасы Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.11.2025
Наверх