Жаңалықтар
-
-
Қазақстанда ипотека бойынша маңызды талап уақытша тоқтатылды
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен еліміздің Ұлттық банкі бірлескен қаулы қабылдап, оған сәйкес 2025 жылғы 1 қарашадан 2026 жылғы 1 шілдеге дейін ипотекалық несиелер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) 25%-дан 20%-ға дейін төмендету талабы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
06.01.2026
-
Ақмола облысы "ақылды АӨК" пен цифрлық қауіпсіздікке көшуде
Президенттің жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Ақмола облысында Ауыл шаруашылыға министрлігімен бірлесіп ауыл шаруашылығы мен қоғамдық қауіпсіздік жүйесіне AI технологиялары енгізілуде. Бұл туралы Үкімет отырысында өңір әкімі Марат Ахметжанов баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
06.01.2026
-
50 мың тұрғын сусыз қалуы мүмкін: Талғардағы су таратқыш неге бітпей тұр?
Талғар қаласында 4 жылдан бері салынып жатқан магистральдық су таратқыштың құрылысы тоқтап тұр. Осыған байланысты Мәжіліс депутаттары Максим Рожин мен Данияр Қасқарауов қалаға арнайы барып, мәселенің мән-жайын білді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
06.01.2026
-
Жапонияның батысында 6,4 балдық күшті жер сілкінісі болды
Жапонияның батысындағы Симанэ және Тоттори префектураларында магнитудасы 6,4 болатын күшті жер сілкінісі тіркелді. Цунами қаупі анықталған жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ Kyodo басылымына сілтеме жасап.
06.01.2026
-
Жастар және заң: Өскеменде құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары күшейтілді
Өскемен қаласында «Заң және тәртіп» бастамасы аясында Өскемен жылу электр орталығының (ЖЭО) жұмысшы жастарының қатысуымен диалог алаңы ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
06.01.2026
-
Атырау облысында бір отбасы із-түзсіз кеткен: ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды
Атырау облысы Қызылқоға ауданы аумағында хабар-ошарсыз кеткен ерлі-зайыптылардың мәйіттері табылды. Қазіргі уақытта тағы екі жоғалған адамның жүрген жерін анықтау бойынша іздестіру шаралары жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
06.01.2026
-
Мұқтаж жандарға тиесілі 10 пәтерді заңсыз иеленгендер анықталды
Тараз қаласының прокуратурасы тексеріс жүргізіп, нарықтық құны 100 млн теңгеден асатын 10 пәтерді азаматтардың заңсыз иеленгенін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
06.01.2026
-
Қазақстанда зейнетақы көбейді: БЖЗҚ кімдерге қосымша есептейтіні белгілі болды
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін зейнетақы төлемдері бұрыннан зейнетақы алып жүрген азаматтар үшін 5 пайызға ұлғаяды. Бұл өсім ай сайынғы төлемдерді индекстеу аясында жүзеге асырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
06.01.2026
-
Бауыржан Момышұлының туыстарына Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені берілді
Мемлекеттік кеңесші Президент атынан «Халық қаһарманы» Бауыржан Момышұлының туыстарына Алтын жұлдыз бен «Отан» орденін тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
06.01.2026
-
Қазақстандықтардың зейнетақы жүйесіне сенімі бар ма?
БЖЗҚ Қазақстан халқының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылық деңгейін, зейнетақы жүйесіне деген сенімін және жинақтаушы модельге азаматтардың қатысу белсенділігін анықтау мақсатында сауалнама жүргізді. Зерттеу нәтижесін BAQ.KZ хабарлады.
06.01.2026
-
Жекеменшік мектептер мен клиникаларды қаржыландыру қайта қаралады
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты бағдарламалық сұхбатында берген тапсырмаларын орындау шеңберінде жекеменшік білім беру және медициналық ұйымдарды мемлекеттік қаржыландыру жүйесін реформалау жөнінде жиын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
06.01.2026
-
Үй ауласында есірткі өндірген қарағандылық өмір бойына сотталуы мүмкін
Ішкі істер министрлігі Қарағанды облысында синтетикалық есірткі өндірісінің жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
06.01.2026
-
2026 жылы Ораза айы қашан басталады?
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі 2026 жылға арналған діни күнтізбені жариялаған болатын. Кесте бойынша биыл Ораза 19 ақпанда басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
06.01.2026
-
Астанада аяз күшейсе, Алматыда күн жылынады: Алдағы 3 күнге ауа райы болжамы
"Қазгидромет" РМК синоптиктері алдағы үш күнде, яғни 7, 8 және 9 қаңтар күндері Астана мен Алматыда қандай ауа райы күтілетінін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
06.01.2026
-
Заңгер туыстар мен достар арасындағы қарызды қайтару тәртібін түсіндірді
Туысқа немесе танысқа берілген қаржының қайтпай қалуы қоғамда жиі кездесетін мәселе. Осындай жағдайда не істеу керек? Бұл сауалға заңгер Азамат Марат бірнеше кеңес ұсынады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
06.01.2026
-
Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Мұстабеков Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
06.01.2026
-
Саяси және экономикалық реформалардың жаңа кезеңі басталады – сенатор
Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа жыл қарсаңында “Түркістан” басылымына берген сұхбатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
06.01.2026
-
2026 жыл ресми түрде "Цифрландыру және жасанды интеллект жылы" деп жарияланды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
06.01.2026
-
2026 жыл: Ипотека, автолизинг, несие мен депозит нарығында не өзгереді?
2026 жыл Қазақстандағы қаржы жүйесі үшін жай ғана кезекті кезең емес, таңдау мен есептің жылы болғалы тұр. Пайыздық мөлшерлемелер саясаты, халықтың борыш жүктемесіне қатысты талаптардың қатаюы және мемлекеттік бағдарламалардың қайта пішімделуі – ипотека алғысы келетіндерге де, депозит ашуды жоспарлағандарға да жаңа есеп жүргізуді талап ететіні сөзсіз. BAQ.KZ тілшісі нарықты зерделеп көрді.
06.01.2026
-
Үш өңірде жол қозғалысы шектелді
Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
06.01.2026
Наверх