Жаңалықтар
-
-
LRT құрылысы: Астанада орталық көшелердің бірі жабылады
Астанада LRT құрылысына байланысты жол қозғалысы уақытша шектелетін болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
19.09.2025
-
Солтүстік Қазақстан облысында өрт болған жерден үш адамның мәйіті табылды
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы Полтавка ауылында үш адамның жұмбақ өлімінің себебі анықталуда. Өрт орнынан әйел мен екі ер адамның мәйіті табылды. Тек марқұм әйелдің қызы ғана қашып үлгерді, деп хабарлайды BAQ.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.
18.09.2025
-
Петропавлда үш жасар бала 5-қабаттан құлап кетті
Петропавлда бесінші қабаттан құлаған бала аман қалды. Бірақ жағдайы ауыр, қазір облыстық балалар ауруханасында жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
18.09.2025
-
49 жастағы әйел ауыр жағдайда тікұшақпен Өскеменге жеткізілді
18 қыркүйекте ҚР ТЖМ "Қазәуеқұтқару" АҚ тікұшағы санитарлық авиация желісі бойынша Бұрлы ауданының 49 жастағы тұрғынын шұғыл эвакуациялады. Әйел аудандық ауруханада ауыр жағдайда жатқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
18.09.2025
-
Қазақстан мен Мысыр дін саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі аясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мысыр Араб Республикасының Уақыптар министрі Усама әл-Азхаримен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
18.09.2025
-
Тұман, үсік және найзағай: 15 өңірде дауылды ескерту жарияланды
15 облыста 19 қыркүйекке дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
18.09.2025
-
Әуежайдағы шу: "Астана – Ақтөбе" рейсінен қолына кісен салынған ер адамдар түсірілді
Астана әуежайында мас күйдегі екі жолаушы "Астана – Ақтөбе" рейсінен кісенделіп түсірілді. Олар экипаж талаптарына бағынбай, тәртіп бұзғаны үшін полицияға жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
18.09.2025
-
Қоқыс полигонындағы өрт: Алатау қаласында төтенше жағдай режимі енгізілді
Алатау қаласында қоқыс полигонында шыққан ірі өртке байланысты жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай режимі енгізілді. Өртті сөндіру төртінші күн жалғасып жатыр, халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
18.09.2025
-
Бектенов Бішкекте: Түркі мемлекеттері арасындағы интеграция мен серіктестік талқыланды
Олжас Бектенов Бішкекте Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің үкіметтері басшыларының кездесуіне қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18.09.2025
-
Түрмедегі жаңа кәсіп: сотталғандар құс шаруашылығын өркендетуде
Қызылордадағы түзеу мекемесінде сотталғандар құс шаруашылығын дамытып, қаз, үйрек пен тауық өсіріп жатыр. Еңбекке баулу – олардың түзелуіне жол ашуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
18.09.2025
-
Қазақстанда Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру туралы құжатқа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
18.09.2025
-
Тоқаев: Боксты ұлттық спорт деңгейіне көтеруіміз керек
Мемлекет басшысы Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліпті қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
18.09.2025
-
Заңсыз микрокредит дауы: Қазақстанда атышулы кәсіпкер Сергей Койнов ұсталды
Қазақстанда «Актив Маркет» желісінің иесі Сергей Койнов ұсталды. ҚМА заңсыз несие беру, кіріс заңдастыру схемасын ашып, 3,5 млрд теңге көлемінде қаржы заңсыз алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
18.09.2025
-
Президент әлем чемпионатында топ жарған боксшылар мен бапкерлерді марапаттады
Мемлекет басшысы Ливерпуль қаласында өткен ерлер мен әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатындағы (World Boxing) спорттық жоғары жетістіктері үшін бір топ спортшы мен бапкерді марапаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
18.09.2025
-
Тоқаев әлем чемпиондарын марапаттады: Әнұранымыз жеті рет шырқалған тарихи жеңіс
Мемлекет басшысы бокстан Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
18.09.2025
-
"Қайрат" – "Спортинг": бүгін алматылық клуб алғаш рет ЧЛ топтық кезеңінде дебют жасайды
Бүгін, 18 қыркүйекте Алматының “Қайрат” футбол клубы тарихында алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсетуді бастайды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
18.09.2025
-
Мұғалімдердің құзыреттілігі ЖИ-ден жоғары болуы тиіс – сарапшы
Жасанды интеллектті білім беру жүйесіне енгізу кезінде ең басты назар – оны қалай тиімді әрі жауапты қолдануды үйретуде болуы керек. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының президенті Назипа Аюбаеваның айтуынша, тыйым салудан бұрын, мұғалімдер мен оқушыларды жасанды интеллектпен сауатты жұмыс істеуге үйрету қажет, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
18.09.2025
-
Әлемдік діндер съезі: Тоқаев пен "Әл-Азһар" өкілі жаһандық бірлік жайын талқылады
Мемлекет басшысы "Әл-Азһар" университеті Жоғарғы имамының орынбасары Мұхаммед Абдурахман Әл-Дуайнимен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ министрлікке сілтеме жасап.
18.09.2025
-
Газ құбырының сақшысы – слесарь
Қоғам өмірінде газ құбыры халықтың тұрмыстық жағдайын жақсартатын ең маңызды инфрақұрылымның бірі. Бірақ бұл жүйеде кез келген уақытта апатты жағдай орын алуы мүмкін. Осындай сәтте газ тұтынатын тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ақауды жоюға атсалысатын маман – апатты қалпына келтіру слесарі. «Еңбекқор ел» жобасының бүгінгі шығарылымы слесерь маманына арналады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
18.09.2025
-
Депутат мұғалімдердің жұмысын қалай жеңілдетуге болатынын айтты
Жасанды интеллектті білім беру жүйесіне енгізу – маңызды әрі күрделі үдеріс. Бұл технологияны мектептерге кезең-кезеңімен енгізу қажет және басты мақсат – оны мұғалімге көмекші құрал ретінде қолдану болуы керек. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова жасанды интеллектке арналған дөңгелек үстелде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
18.09.2025
Наверх