Ғалымдар әдемі әйелдердің басшылық қызметте неліктен сирек кездесетінін анықтады

26 Наурыз 2019, 12:18
2502
Бөлісу:
Ғалымдар әдемі әйелдердің басшылық қызметте неліктен сирек кездесетінін анықтады

Алматы, BAQ.KZ. Тартымды әйелдердің орта және жоғары буын басшылығында сирек кездесуі «ауыртпалық әкелетін әйел» әсерімен байланысты. Осындай шешімге келген әлеуметтанушылардың мақаласы Sex Roles журналында жарияланды. 

«Көп жағдайда өте көрікті әйелдерді ерлер де, әйелдер де өз өмірлеріне қатер төндіріп, тыныштығын бұзатын адам ретінде қабылдайды», - дейді Пуллмэне университетінің ғалымы Ли Шеппард.

Айова штатында дәрігер-стоматолог өз ассистентін өте әдемі болғаны үшін жұмыстан қуған. Оған себеп – әдемі көмекші оның жұмысқа деген назарын бөліп, ұйып отырған отбасына қатер төндірген. Осы жағдайдан кейін ғалымдар әдемі әйелдердің неліктен өзгелерге қауіп төндіретінін зерттеуді қолға алған.

Өзгелердің жаңалығы