Әбілязовтің сыбайласы АҚШ-та ұсталды

13 Қаңтар 2020, 15:40
1874
Бөлісу:
Әбілязовтің сыбайласы АҚШ-та ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сотталған банкир Мұхтар Әбілязовтің сыбайласы Александр Удовенко АҚШ сотының алдында жауап берді. Ол Вашингтон маңындағы қалашықта ұсталған. Бұл туралы Еureporter.co сайтында хабарланды. 

Әбілязовтің мүддесін қолдаған және оффшорлық компаниялар желісін ашуға атсалысқан ресейлік кәсіпкер Александр Удовенко Лондоннан қашып, 2009 жылы "жоқ" болған еді. Ол миллиардтарды банктен шығарып, жеке шоттарға аударып отыру үшін қажет болған. Кейінірек Удовенко Америкаға кетіп, Мэриленд штатындағы Бетесд қаласында "инвестициялық кеңесші" болып қызмет еткен.  

Бұған дейін Мұхтар Әбілязовті АҚШ-та соттауы мүмкін екені айтылды. Нью-Йорктегі сот ісі осыдан төрт жыл бұрын Алматы әкімдігінің арызы бойынша және БТА Банк арызы қаралған. Мұхтар Әбілязов пен оның сыбайластары жымқырылған қаражатты АҚШ-та айналдырды деп айыпталған. Әкімдік дәйектер жинап, осы қылмыстың куәгерлерін тапқан. 

Басылымның ақпаратына сүйенсек, Александр Удовенко сотта өзіне тағылған барлық айыпты жоққа шығарып, өзін "саяси науқанның" құрбаны екенін мәлімдеген.

Өзгелердің жаңалығы