Әзербайжандық МиГ-29 ұшағы Каспий теңізіне құлады

25 Шілде 2019, 15:11
2719
Бөлісу:
Әзербайжандық МиГ-29 ұшағы Каспий теңізіне құлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әзербайжан әскери әуе күштерінің ұшағы оқу-жаттығу кезінде кенеттен радардан жоғалып кеткен. Бұл туралы Әзербайжанның Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Алдын ала болжам бойынша ұшақ апатқа ұшырап, Каспий теңізіне құлаған», - делінген ведомство таратхан хабарламада.

Оқиға 24 шілде күні жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 22:00-де болғаны анықталды. Қазіргі уақытта ұшқышты іздестіру және құтқару бойынша жедел шаралар қабылдануда. Іс бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Өзгелердің жаңалығы