Жылу тарифі қымбат қалалар анықталды

25 Желтоқсан 2020, 13:30
2085
Бөлісу:
Жылу тарифі қымбат қалалар анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жылу тарифі Атырау, Шымкент және Алматы қалаларында жоғары, деп жазды energyprom.kz.

Ең арзан тариф Көкшетау және Павлодар қалаларында тіркелген. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы да соңғы үштікке еніп отыр.

Сайт статиситкасына сәйкес, осы жылдың қараша айындағы жағдай бойынша елде орталықтандырылған жылудың орташа тарифі 1 Гкал энергия үшін 3,5 мың теңгені құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,2 пайызға қымбат. Ең қымбат жылу тарифі Атырау қаласына тиесілі. Қала тұрғындары 1 Гкал жылу үшін 5,5 мың төлейді. Одан кейінгі орында Шымкент қаласы. Мұнда тариф бағасы 5,1 мың. Алматы қаласы да алғашқы үштікке енді,оңтүстік астана тұрғындары 1 Гкал жылу энергиясы үшін 5 мың теңге төлейді.

Ең арзан тариф Көкшетау қаласында тіркелген. Мұнда 1Гкал энергия бағасы 1,8 мың теңгеге тең. Одан кейінгі орында Павлодар қаласы, мұнда жылу тарифінің 1 Гкал үшін құны 2,3 мың теңге. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы да жылу тарифі арзан қалалардың бірі ретінде тіркеліп отыр. Мұнда жылу энергиясының 1 Гкал үшін бағасы 2,4 теңгені құрайды.

2020 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында елді орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету үшін 72 млн Гкал энергия өндірілген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,4 пайызға аз.


Өзгелердің жаңалығы