Жыл соңына дейін 6 миллион адамға вакцина салынады

19 Қаңтар 2021, 09:43
2203
Бөлісу:
Жыл соңына дейін 6 миллион адамға вакцина салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинацияны жылдамдатуға қатысты Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында 1 ақпаннан бастап ең алдымен вакцина қажет топтарға жататын тұрғындарға вакцина салуды бастау жоспарланып отыр.  Коронавирустық инфекцияны жұқтыру және таралу қаупі жоғары медицина қызметкерлерін, педагогтерді, полицейлерді, сондай-ақ жүрек-қантамыр жүйесі, тыныс алу органдары, қант диабеті тарапынан созылмалы аурулары бар адамдарды, медициналық-әлеуметтік мекемелердің персоналы мен контингентін қоса алғанда, халықтың осал топтары коронавирустық инфекцияға қарсы тегін вакцинациялауға жатады. Кезең-кезеңмен салынған вакцина нәтижесінде жыл соңына дейін 6 миллионға дейін қазақстандыққа вакцина салу көзделіп отыр, - деді Цой.

Министр вакцинаның сапасын қамтамасыз ету үшін өндірушіден медицина мекемесіне жеткізілгенге дейін GDP стандарты тізбектің әр кезеңде жауапты маман болатынын жеткізді. 

Бұған дейін Алексей Цой  елдегі эпидемиологиялық-санитарлық ахуалға тоқталлған еді.

Өзгелердің жаңалығы