Жыл сайын 2,5 мыңға жуық адам жолда көз жұмады

11 Маусым 2021, 13:02
2541
Бөлісу:
Жыл сайын 2,5 мыңға жуық адам жолда көз жұмады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникацилар қызметінде өткен халық алдындағы есеп беру кездесуі кезінде Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.

Оның айтуынша, жыл сайын жолда 2,5 мыңға жуық адам көз жұмып, 20 мыңнан адам жарақат алады. 

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін көлік қозғалысының ережесін сақтау тікелей жүргізушіге байланысты. Сонымен қатар жолдың сапасы мен көліктің жағдайының да жол апатында үлесі бар. Дегенмен  көлікті мас күйінде жүргізу ең үлкен жауапсыздық, - деді ол.

Министр Ерлан Тұрғымбаев сонымен қатар жол көлік ережесін бұзу туралы статистикалық деректерге тоқталды. Оның айтуынша, жыл басынан бері 2,5 миллионға жуық жол ережесін бұзу фактілері анықталды. Жол ережесін бұзудың басым бөлігі көлік жылдамдығын артыруға қатысты. Қарсы жолаққа шығып кетудің 2,2 мың жағдайы тіркелді. Жыл басынан көлікті мас күйінде жүргізген 9 мың жүргізуші анықталып 30 тәуілікке қамалды, 10 мың адам жүргізуші куәлігінен айырылды.

Еске сала кетейік, көлікке арналған жолда электросамокатпен жүруге тыйым салынғаны туралы осыған дейін жазғанбыз.


Өзгелердің жаңалығы