Тоқаев: Үкіметке жыл соңына дейін елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз етуді тапсырамын

10 Шілде 2020, 13:45
1901
Бөлісу:
Тоқаев: Үкіметке жыл соңына дейін елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз етуді тапсырамын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында айтты, деп жазады Ақорданың Тwitter-дегі ресми парақшасы.

Осындай күрделі кезеңде мемлекет халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге тиіс. Қазіргі пандемия ахуалы жұмыспен қамту саласына, азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайына айтарлықтай теріс әсер ететіні анық. Сондықтан министрлікке осы бағытта тиісті ұсыныстар әзірлеуді тапсырамын, - деді ол.

Мемлекет басшысы жыл соңына дейін елді мекендерді интернетпен қамтамасыз етуді тапсырды.

Үкіметке жыл соңына дейін 250 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл - халқымыздың 99,3 пайызын қамтиды, - деді президент.

Өзгелердің жаңалығы