Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров «AntikorNews» брифингінде айтты.
Жыл басынан бері мыңнан астам сотқа дейінгі іс тіркелді. Оның 742-сі сотқа жолданды. Қылмыстық істер бойынша 135 лауазымды тұлға ұсталды. 122 адам күзетке алынып, 29-ы үйқамаққа жіберілді, - деді ол.Бекайдаров атағандай, жыл басынан бері қылмыстық істер бойынша 572 адам сотталды.
138-і пара алу, 233-і пара беру, 12-і делдалдық, 78-і алаяқтық, 42 ұрлық және 42 лауазымдық қызметін асыра пайдаланғаны үшін сотталған. Бас бостандығынан 172 адам айырылды. 330 тұлғаға 1,9 млрд теңге айыппұл салынды, - деді Данияр Бекайдаров.Оның айтуынша, қосымша жазаға 600-ден астам адам тартылған.
Оның ішінде мүліктің тәркіленуі мен белгілі бір лауазымға отырудан өмір бойына айырылу бар, - деді Бекайдаров.Бұған дейін қоластындағылары пара алғаны үшін қанша басшы қызметінен кеткені айтылды.