Бас жаңалықтар
Жыл басынан бері 8 мың тонна ет шетелге экспортталған
03 Сәуiр 2019, 13:36 683

Жыл басынан бері 8 мың тонна ет шетелге экспортталған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылдың алғашқы үш айында Қазақстан шетелге 7,7 мың тонна ет экспорттаған. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.  


Оның айтуынша, 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан әлемнің 11 еліне 33 мың тонна ет экспорттаған. Сиыр етін экспорттау бойынша Қазақстанда жалпы көрсеткіш 19,9 мың тоннаны көрсетті. Ал Түркістан облысы 5 мың тонна, Ақтөбе және Ақмола облыстарының әрқайсысы 4 мың тонна ет экспорттап, өңірлер арасында алға шықты.

«Өңірлер арасында экспорттау бойынша 20 қазақстандық кәсіпорын көшбасшы болып отыр. Бұл кәсіпорындар 19 мыңнан астам фермерлік шаруашылықтары бар тікелей кооперацияларда жұмыс істейді. Биыл 1 қаңтардан 31 наурызға дейін 7,7 мың тонна ет экспортталды. Оның ішінде сиыр еті – 4,4 мың тонна», - деді Исаева Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.   

Сондай-ақ, соңғы үш айда Қазақстаннан 3,4 млн тонна өсімдік шаруашылығы өнімдері экспортталған.

Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық