Бас жаңалықтар
«Жұмыспен қамтудың жол картасы». Орташа жалақы 130 мың теңге
27 Қазан 2020, 10:30 182

«Жұмыспен қамтудың жол картасы». Орташа жалақы 130 мың теңге

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Үкіметтің онлайн отырысында баяндады.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құруға негіз береді. Бұл бағдарлама нәтиже көрсетуде. Бүгінгі күні бағдарламада орташа жалақысы 130 мың теңгені құрайтын 202 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етті. Бағдарламаға қатысушылардың отбасы мүшелерін ескере отырып, 900 мыңға жуық адам табыспен қамтамасыз етілді, - деді Еңбек министрі.

Нұрымбетовтің айтуынша, отандық компаниялар 488 млрд теңге сомасында қолдау алды. 19 мың ШОБ 114 мың жұмыс орнын сақтап қалды. 

Өңірлер бөлінісінде бүгінгі күні жобаларды жоспарлаған 240 мың адамның ішінде 202 мың адам жұмыспен қамтылды, яғни 84%-ы. Жұмысқа тарту бойынша ШҚО, Шымкент қаласы, Қызылорда және Атырау облыстары көш бастап тұр, - деді ол.

Сонымен қатар 23 қазандағы жағдай бойынша жол картасы шеңберінде жобалардың 4 152-сі аяқталды. ШҚО, Жамбыл, Қостанай, Түркістан облыстары көш бастап тұрса, Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Атырау облысында жобалардың 80%-дан астамы әлі жалғасып жатыр.

Жол картасының уақытылы және сапалы аяқталуы халықтың өмір сүру сапасына қатысты дағдарыстан кейінгі дамуға жағдай жасауды қамтиды, - деді Еңбекмин Үкімет отырысында.


Фото: дереккөз
Загрузка...