"Жошы хан" тарихи-мәдени кешенінің құрылысы басталды

21 Мамыр 2020, 21:36
2913
Бөлісу:
"Жошы хан" тарихи-мәдени кешенінің құрылысы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановпен бірге "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасына енгізілген Ұлытау ауданында болды.

"Жұмыспен қамтудың Жол картасы 2020" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында жүзеге асырылатын "Жошы хан" тарихи-мәдени кешені құрылысының барысын тексердік. Аталған жұмыстарға 100-ден астам жергілікті жұмысшы тартылған. Сонымен қатар қазіргі уақытта "Ұлытау" қорық-мұражайының Визит-орталығының және Этноауылдың құрылыс жұмыстары аяқталуда. Аумағы 2 мың шаршы метрге жуық ғимаратта мұражай, конференц-зал және кафетерий орналасатын болады. Алдағы қыркүйек айында барлық туристік нысандарды ашуды жоспарлап отырмыз - деп жазды облыс басшысы өзінің парақшасында.

Сапар барысында Ералы Лұқпанұлымен Jezkiik этномәдени мұрасының ІІІ Халықаралық фестивалі өтетін Болатсайда болды. 

Карантин алынып тасталған соң және Қазақстанның шекарасы ашылғаннан кейін аталған іс-шараны өткіземіз деп үміттенеміз. Қазіргі уақытта Ұлытау ауданының жолдарына да көңіл бөлінуде. "Жезқазған-Петропавл" республикалық трассасының 4 учаскесінде орташа деңгейдегі жөндеу жұмыстары іске асырылатын болады. Сондай-ақ "Ұлытау-Бозтұмсық-Малшыбай-Сәтбаев" облыстық жолының 50 км орташа жөндеуден өтуде. Жошы хан және Домбауыл кесенелеріне кіреберіс жол құрылысының жобасы әзірленуде. Жұмыспен қамтудың жол картасы, "Ауыл – Ел бесігі" арнайы жобасы аясында сондай-ақ жергілікті бюджет есебінен 70 км құрайтын кентішілік автожолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Басқа да әлеуметтік нысандарға келер болсақ, Бетбұлақ ауылында 80 орындық жаңа білім ордасының құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ Қарсақпай кентінде 100 көрерменге арналған Дене шынықтыру-сауықтыру кешені, ал Жезді кентінде 160 көрерменге арналған ДСК салынатын болады - дейді Жеңіс Қасымбек.

Өзгелердің жаңалығы