Қазақстанда 11 мың шақырым жолды ақылы жүйеге ауыстыру жоспарланған – Скляр

6 Мамыр 2019, 09:36
2911
Бөлісу:
Қазақстанда 11 мың шақырым жолды ақылы жүйеге ауыстыру жоспарланған – Скляр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі аясында іске асырылып жатқан жобалар туралы баяндады.

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі шеңберінде жалпы 32 жоба іске асырылу және пысықталып сатылауда. Оның ішінде 10 жоба республикалық, 22 өңірлік дейгейде пысықталуда. «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын салу және пайдалану» жобасы бойынша мобилизациялау жұмысы аяқталып, құрылыс монтаждау жұмысына кірісті. Жол қозғалысы 2021 жылы ашылады. Осы жолда өтілетін трафигі – 38 мың автомобиль», - деді министр.

Ведомство басшысының айтуынша, «Нұржол» автомобиль өткізу пунктін салу арқылы көлікті тексеру уақыты 4 есе қысқарған.

«Алматы-Қорғас» автомобиль учаскесінде «Нұржол» автомобиль өткізу пунктін салу және пайдалану жобасы бойынша объект 2018 жылдың маусымында пайдалануға берілді. Бүгінде автомобиль құралдарын тексеру уақыты 4 есе қысқарды. Жүк тасымалдаушылар бойынша тәуліктік трафик 200 автомобильді құрады», - деді Скляр.

ИИДМ басшысы «Түркістан облысы жүрдек автомобиль жолдарын салу және пайдалану» концессиялық жобасының іске асырылу барысын да баяндады.

«Түркістан облысы жүрдек автомобиль жолдарын салу және пайдалану» концессиялық жобасы шеңберінде Шымкент және Сарыағаш қалалары айналма жолдарының құрылысы мен жалпы қашықтығы 265 шақырым жолды пайдалануға беру көзделуде. Биыл маусым айында жобаны республикалық бюджеттік комиссия отырысына шығарып, конкурс жариялау жоспарланған», - деді ол.

Сонымен қатар, еліміз бойынша 11 мың шақырым автомобиль жолдарында ақылы жол жүйесін енгізу көзделгенін атап өтті.

«Ақылы жол жүйесін енгізу және қызмет көрсету» жобасы аясында республикалық маңызы бар 11 мың шақырым автомобиль жолдарында ақылы жол жүйесін енгізу көзделген. Қазіргі уақыты екі сатылы конкурс жариялау үшін техникалық тапсырма әзірлеудеміз. Мамыр-қараша айлары аралығында конкурстық ресімдер өткізіледі. Шарт жасасу желтоқсан айына жоспарланған. Ұзықтығы 153 шақырым Шар-Өскемен теміржол желісін салу бойынша айтсам, жоба іске асырылған», - деді министр.


Өзгелердің жаңалығы