Жол полициясына "таяқтары" қайтарылуы мүмкін

20 Тамыз 2019, 15:51
1585
Бөлісу:
Жол полициясына "таяқтары" қайтарылуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ІІМ жол қозғалысын реттейтін полицейлерді қағып кету фактісі көбейіп кеткендіктен таяқты (жезл) қолдану практикасын қайта енгізуді ұсынды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Ішкі істер министрлігі азаматтардың келіп түскен өтініштеріне байланысты және жол қозғалысына қатысушылардың реттеуші-полицейдің іс-әрекеттерін қабылдауын жақсарту мақсатында, сондай-ақ жол қозғалысын реттеуші полицейді қағып кету оқиғаларының алдын алу мақсатында, әсіресе кешқұрым және түнгі уақыттарда, патрульдік полиция қызметкерлерінің таяқты (жезл) пайдалану тәжірибесіне қайта оралуды ұсынады», - делінген хабарламада.

ІІМ мәліметіне сүйенсек, көлікті тоқтату үшін таяқтарды пайдалануға тыйым салынады.

«Таяқтарды тек қана жол қозғалысын реттеу үшін пайдалану ұсынылады (мысалы, жол-көлік оқиғалары мен кептелістер кезінде көлік құралдарын бұру үшін, бағдаршам істен шыққан кезде немесе мүлдем болмаған кезде, ауа райы бұзылып, автожолдарды көруге мүмкіндік болмағанда және басқа да қажетті жағдайларда), ал көлікті тоқтату үшін таяқты пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салу қажет», - деп жазылған ІІМ баспасөз қызметі хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы