Бас жаңалықтар
Алматы облысында болған жол апатынан 9 адам көз жұмды
13 Мамыр 2019, 10:39 379

Алматы облысында болған жол апатынан 9 адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше "Алматы-Бішкек" тас жолының 109 шақырымында жол апаты болды. Апат кезінде Lada және Toyota Camry автокөліктері соғысып, 9 адам қаза тапты. Бұл туралы Алматы облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады. 

Қаза тапқан 9 адамның үшеуі әйел адам екені белгілі болды. 

"Қаза тапқандардың кім екендіктері анықталды. Марқұм болған адамдар Алматы, Шымкент қалаларының, Түркістан және Алматы облыстарының тұрғындары болып шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, Lada-ның жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, шетелдік көлікпен бетпе-бет қақтығысқан. Қазіргі таңда ЖКО дерегіне қатысты қажетті сараптамалар тағайындалып, ҚР ҚК 345-бабының 4-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", - делінген хабарламада. 

Полиция департаментінде ЖКО-ға қатысты тергеу жұмыстарының қатаң бақылауға алынғанын атап өтті.


Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық