Бас жаңалықтар
"Жогорку Кенештің" әрекеттерінен ұялған депутат мандатын тапсырды
21 Мамыр 2020, 23:40 124

"Жогорку Кенештің" әрекеттерінен ұялған депутат мандатын тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстан парламентінің депутаты Исхак Масалиев 21 мамырда "Жогорку Кенештің сәтсіздігіне ұялатынын" айтып, мандатын тапсыратынын мәлімдеді.

Масалиевтің сөзінше, парламент өз өкілетін пайдаланбайды және үкіметтен жақсы жұмыс істеуді талап ете алмай отыр. Ол 25 мамырда парламенттен кететінін айтып, басқа депутаттарды "процессуальдық норманы бұзды" деп айыптады.

Парламент жұмысының өзгергенін қалаймын. Сайлаушылардың үмітін ақтамасам кешірім сұраймын. Мемлекетке пайда әкелетін кез келген жұмысты істеуге дайынмын. Бірақ қазіргі парламентте депутат болып отыру мүмкін емес деп ойлаймын - деді ол.

Өткен аптада Масалиев пен тағы бірнеше депутат парламентке сайлану үшін қажетті дауысты 9 пайыздан 5 пайызға түсіруді ұсынған. Бірақ парламент комитеттері мұны қолдамады. Қызу дебаттан кейін депутаттар парламентке өтуге қажетті дауысты 7 пайызға түсіру туралы заң жобасын мақұлдады.

59 жастағы Масалиев – Қырғызстан коммунистік партиясы орталық комитетінің жетекшісі. Ол парламентке 2015 жылы «Онугуу-Прогресс» партиясы атынан сайланған.

Масалиев 2000-2010 жылдары да депутат болған. 2012-2014 жылы Қырғызстанның салық қызметін басқарды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...