Жоғары соттың судьялары сайланды

12 Наурыз 2020, 11:28
1338
Бөлісу:
Жоғары соттың судьялары сайланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьялары сайланды.

Қазақстан президенті сенаттың қарауына Нұрғазы Әбдіқанов, Марғұлан Бектұрғанов және Шолпан Даниярованы Жоғарғы сот судьясы қызметіне сайлау туралы ұсыным енгізген.
Мемлекет басшысы аталған азаматтарды жоғары сот судьясы қызметіне сайлау туралы ұсынымды енгізді. Таныстырылған бұл адамдардың көп жылдық судьялық еңбек өтілі бар, - деді ҚР жоғары сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақов.

Сенат депутаттары кандидатураларды бірауыздан қолдап дауыс берді.

Осыдан кейін Жоғарғы сот судьясы қызметіне сайланғандар өз міндеттерін адал атқаруға ант берді.

Өзгелердің жаңалығы