Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова хабарлады. Оның айтуынша, мутацияланған вирустың алдын алу және одан қорғау мақсатында елордада халықты коронавирусқа қарсы вакцинациялау жалғасуда.
Қала бойынша вакцинаның бірінші компонентін 476 мыңнан астам азамат алды, 438 тұрғындар иммундаудың толық курсынан өтті. Вакцинамен қамтылуы тиіс халықтың көп бөлігіне екпе салдық. Бірақ бұл вирусты толығымен жеңу үшін жеткіліксіз. Вакцинация кезінде екпе алуға деген азаматтардың сана-сезімі шешуші рөл атқарады, - деп атап өтті Әлия Рүстемова.
Сонымен қатар жаппай вакциналау басталғаннан бері сауда-ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінде екпені 130 мыңға жуық азамат алған.
Халықты вакциналау үшін 300-ден астам медициналық қызметкер жұмылдырылған. 15 қарашадан бастап елорда жүкті және бала емізетін әйелдерге, 12-17 жас аралығындағы балаларға Comirnaty вакцинасы салынып жатыр. Толық үш апта ішінде тиісті контингенттен 9 300 адам осы вакцинаны қабылдады. Аталған екпені алу жағынан көш басында жасөспірімдер тұр, яғни 6 200-ден астам бала салдырған. Бала емізетін аналар – 2 800 және 206 жүкті әйел екпе алды, - деді басқарма басшысының орынбасары.
Еске сала кетейік, бұған дейін елордада коронавирус жұқтырғандар азайып келе жатқаны туралы жазған болатынбыз.