Жемқорлық туралы хабарлаған 213 адамды көтермелеуге 33,9 млн теңге бөлінген

3 Наурыз 2021, 16:01
1772
Бөлісу:
Жемқорлық туралы хабарлаған 213 адамды көтермелеуге 33,9 млн теңге бөлінген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Antikor news» жобасы аясында өткен брифингте Агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты.

Қаңтар айында аумақтық департаменттер 11 тұлғаны 1 306 740 теңге сомасындағы төлеммен ынталандырды. Қарағанды – 390 000 теңге сомасына 1 тұлға, Атырау – 500 040 теңге сомасына 3 тұлға, Маңғыстау –138 900 теңге сомасына 1 тұлға, Түркістан – 138 900 теңге сомасына 1 тұлға; Ақтөбе – 138 900 теңге сомасына 1 тұлға, Қостанай – 4 тұлға, - деді Бекайдаров.  

Ол Қарағанды облысында болған жемқорлық дерегін мысалға алды.

Мысалы азаматтардың өтініші бойынша Қарағанды облысының департаменті «Д» есімді азаматтың арызы қарастырды. Нәтижесінде Шахтинск қаласының Құрылыс бөлімінің басшысы Әлиев және мердігерлік ұйымдардың директорлары Хан мен Цойдың ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы әшкереленді. Олар «Д» есімді азаматты прокуратура қызметкерлеріне көп қабатты үй құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтатқаны үшін 3,9 млн теңге сомасында пара беруге итермелеген. Сот үкімі бойынша үшеуі де кінәлі деп танылды (ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі, 28-бабы 4-бөлігі, 367 бабы 3-бөлігі) және 8 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды, - деді ол. 

Ол атағандай, үкім заңды күшіне енгеннен кейін қаңтарда «Д» есімді азаматқа 390 мың теңге (пара сомасының 10%) мөлшерінде сыйақы төленді.

Өзгелердің жаңалығы