#Желмая. Билік пен халық ортасындағы байланыс өте нашар – Әбенов Қырғызстан туралы

8 Қазан 2020, 15:48
3389
Бөлісу:
#Желмая. Билік пен халық ортасындағы байланыс өте нашар – Әбенов Қырғызстан туралы
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының кезекті қонағы – қоғам қайраткері Мұрат Әбенов. 

Халықты кім қорғайды? Қырғызстандағы оқиғаға қандай баға беруге болады? Руға бөлінудің әсері қандай? Сенім болмағанда адамдар не істейді? Қырғызстандағы революция халықтың жағдайын жақсартты ма? Беларусь пен Қырғызстанда өткен митингтің айырмашылығы қандай? Қазақстан қандай позиция ұстануы керек? Өзгерістер нәтижелі болу үшін не істеу керек? Ұлттық қоғамдық кеңестің тиімділігі қандай? Қазақстан билігінің мықтылығы неде? Жолдас сөзінің мағынасы қандай? Осы және өзге өзекті мәселелерге қоғам қайраткері Мұрат Әбенов «Желмая» жобасында жауап берді. 


«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай? 

«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

Жобамыздың бұған дейінгі қонағы психолог Ғалияш Махашева болған еді.

Өзгелердің жаңалығы