#Желмая. Биыл салық рақымшылығы кімдерге жасалады?

9 Қыркүйек 2020, 11:45
3431
Бөлісу:
#Желмая. Биыл салық рақымшылығы кімдерге жасалады?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының бүгінгі қонағы - Мемлекеттік істер комитетінің Өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Олжас Отар. 

Биыл қандай салықтарға рақымшылық жасалады? Қазір қанша тұлғаның мемлекет алдында берешегі бар? Қазақстанда салық төлеу мәдениеті дұрыс қалыптаспаған ба? Қай саланың кәсіпкерлері мүлік салығынан босатылды? Шағын және орта бизнес өкілдері неше жылға салықтан босатылды? Мемлекет ауыл шаруашылығымен айналысатындарға қандай жеңілдік беріп отыр? Мейрамханалар көлеңкелі экономикамен айналысып жатыр ма? Осы және өзге де сұрақтарға сұхбат барысында Олжас Отар жауап берді.


«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай? 

«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

«Желмая» жобасының бұған дейінгі қонағы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев болған еді.

Өзгелердің жаңалығы