Бас жаңалықтар
Жексенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады
15 Қыркүйек 2019, 09:01 331

Жексенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 15 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды.

"Қазақстанның басым бөлігінде антициклон жотасының орналасуына байланыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады – кей жерлерде найзағаймен жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Республиканың кей жерлерінде тұман күтіледі, жел күшейеді", - делінген хабарламада.

Түркістан және Қызылорда облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысының кей жерлерінде бұршақ күтіледі. Батыс Қазақстан, күндіз Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-23 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал, Жамбыл облысының кей жерлерінде күндіз дауыл күтіледі. Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі.

Түркістан, Қызылорда, кей жерлерде Жамбыл, Карағанды облыстарында, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Атырау, Алматы облыстарының батысында  өте жоғары өрт қауіпі сақталады.



Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық