Жеке қосалқы шаруашылықтарды қолдау шаралары АӨК-ті дамыту жобасына енгізілмек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуда жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуеті зор. Сондықтан оларды назардан тыс қалдырмау қажет.

16 Қыркүйек 2020 2020, 09:35
АВТОР
16 Қыркүйек 2020 2020, 09:35
16 Қыркүйек 2020 2020, 09:35
1587

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуда жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуеті зор. Сондықтан оларды назардан тыс қалдырмау қажет.

Статистика бойынша Қазақстандағы сүттің 75%-ы жеке қосалқы шаруашылықтарда өндіріледі. Алайда, логистиканың және орталықтан сатып алудың жоқтығынан, сондай-ақ сақтау, бастапқы өңдеу, азықпен қамтамасыз ету және айналым қаржысының жетіспеушілігіне байланысты ЖҚШ (жеке қосалқы шаруашылықтардың) өнімінің аз ғана көлемі қайта өңделеді.

Осы мәселені шешу және ЖҚШ-дың мүмкіндіктерін шоғырландыру үшін Президенттің тапсырмасымен кооперация арқылы ауыл тұрғындарының табысын ауқымды және тиімді арттыру бағытында Жамбыл облысында пилоттық жоба іске қосылды. Үкіметтің жобалық кеңсесінің салалық менеджерлері қазіргі уақытта әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қатысуы арқылы кооперативтерді құруды тікелей қаржылық және ұйымдастырушылық қолдау бойынша модельдерді пысықтауда.

ҚР АШМ баспасөз қызметінің мәліметінше, «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» жөніндегі Ұлттық жобаның тұжырымдамасын әзірлеу кезінде Үкіметтің жобалық кеңсесінің тәжірибесі қолданылатын болады.

Наверх