Бас жаңалықтар
Жеңілдікпен автонесиелеуге 10 млрд теңге бөлінеді
19 Ақпан 2019, 12:59 445

Жеңілдікпен автонесиелеуге 10 млрд теңге бөлінеді

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында жеңілдікпен автонесиелеу бағдарламасын жүзеге асыруға 10 млрд теңге бөлінетінін айтты.


2015 жылы іске қосылған жеңілдікпен автонесиелеу бағдарламасы жеңіл автокөліктерді несиелеуге және коммерциялық техниканы лизингілік қаржыландыруға бағытталған. 

«Бұл бағдарлама аясында 2015-2018 жылдары несиеге 13 245 жеңіл автокөлік, лизингіге 747 коммерциялық техника берілді. Отандық автоөндірушілерді қолдау мақсатында және халықты қолжетімді несиемен қамтамасыз ету үшін бұл тәжірибені жалғастыруды ұсынып отырмыз. Биыл екінші деңгейлі банктерді жеңілдікпен қаржыландыру жолымен «Бәйтерек» холдингіне 10 млрд теңге бөлу жоспарлануда. Оның 8 млрд теңгесі – жеңілдікпен автонесиелеуге, ал 2 млрд теңгесі – коммерциялық техниканы лизингілік қаржыландыруға беріледі», - деп атап өтті Қасымбек.

Министр алғашқы кезеңде 2000 астам автомобиль сату жоспарланатынын, одан кейінгі жылдары револьверлік қаражат есебінен бағдаралма бойынша орта есеппен жылына 400-500 отандық автомобиль сатылатынын айтты. Оның айтуынша, 18 жыл бюджеттік несие беру автомобиль жасау саласын дамытуға мүмкіндік береді.
Назерке АБИБУЛЛА
Загрузка...