Жеңіс-75: Павлодарлықтар хабарсыз кеткен 500-ден астам жауынгер туралы мәлімет тапқан

17 Ақпан 2020, 11:30
2345
Бөлісу:
Жеңіс-75: Павлодарлықтар хабарсыз кеткен 500-ден астам жауынгер туралы мәлімет тапқан
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің белсенділері Ұлы Отан соғысы жылдары жоғалып кеткен азаматтар туралы мәлімет іздеумен айналысады. "Майдан жолы" іздеу жасағы соңғы екі жыл ішінде 500-ден астам қазақ жауынгері туралы ақпарат тауып, туыстарына тапсырған.

"Майдан жолы" отрядының командирі Александр Шитовтың айтуынша, соңғы уақытта іздеу жұмыстары мұрағаттарда да жүргізілуде. 

Жуырда іздеу отрядының көмегіне Евгений Кириллов есімді азамат хабарласты. Өткен жылдың соңында "Опора" жасағы Ленинград облысы Киров ауданында құрамында украин, орыс және қазақ жауынгерлері болған жерді тапты. Сол жерден сарбаздардың стандартты медальондары табылды. Нәтижесінде мамандардың көмегімен жазылған ақпарат оқылып, солдаттардың есімдері анықталды. Олардың бірі - Қызылорда облысы Арал ауданының тумасы Емберген Асайынов. Ол 1900 жылы туған. Ақпарат жан-жаққа таратылды. Нәтижесінде жауынгердің туыстары табылды, - дейді Александр Шитов. 

Емберген Асайыновтың немересі Серік Емберген іздеушілермен байланысқа шыққан. Қазіргі уақытта солдаттың сүйегін әкеліп, қайта жерлеу бойынша келіссөздер жүргізілуде. 

86720872_636934623720524_3807189281827454976_n.jpg

Іздеушілер Ұлы Отан соғысында бейхабар кеткен азаматтар турыла мәліметтер базаларынан басқа архивтік мұрағаттарды өңдеуге көшкен. Жуырда белсенділер Ленинград облысының Киров ауданында ерлікпен қаза болған Мәукен Нығметов туралы мағлұмат тапты. Ол Ақсу ауылдық аймағының тумасы болып шықты. 

Іздеушілер жинақтаған тәжірибелерімен бөлісуге әзір. Қатарға қосылып, көмектесемін деушілерге есік ашық.


Өзгелердің жаңалығы