Бас жаңалықтар
Жайылым жерлерге көпжылдық шөп тұқымын себу керек
10 Сәуiр 2021, 12:24 640

Жайылым жерлерге көпжылдық шөп тұқымын себу керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жер реформасы жөніндегі комиссияның үшінші отырысында Қазақстанның Еңбек ері Сайран Буканов айтты.

Жайылым жағдайын ауылда тұратын адамдар біледі. Қанша жайылым жер берсең де, аз болады. Мәселе - жер тақырлығында жатыр. Себебі, жер 200-300 га болсын, таңда жайылымға шыққан табын бір жерде жайыла береді. Бұрындағы жайылым жерлерінде көпжылдық шөп өсетін еді. Олар 5-6 жылға дейін өседі, сонда жайылымға алқап та аз керек болатын. Қазір мұндай шөп жоқ, себілмейді. Халықтың да жайылым жер жоқ деп мәселе шығаратыны осыдан. Сондықтан, жайылым жерлерге көпжылдық шөп тұқымын себу керек,- дейді.
Спикер ауылдық округтер әкімдерінің бұл мәселеге мүмкіндігі жоқ екенін айтады.
Не техникасы, не тұқымы жоқ. Бұл мәселені кімге тапсырып, кім реттеуі керек? Жайылым жерлеріне көпжылдық шөп себіліп, жаңартылып тұрса, сонда ғана жайылымдық жер жеткілікті болады. Ал жерді жалға берудегі 10 жыл деген тым аз, тіпті 20 жылдың өзі аз. Жерді 30-49 жылға дейінгі мерзімге беру керек. Бірақ мұнда да бір мәселе бар. Егер жайылым жерді қайтарып алып, ол жерге көшет отырғызамыз дейтін болса, мал жүрген жерден ағаш өспейтінін ескеру қажет. Жерді бір берген соң қорға сол өзгермеген күйінде қайтарылмайды, оны түсіну керек, - деді ол.



Фото: дереккөз
Загрузка...