Алдағы күндері жауын-шашынды болады

16 Қыркүйек 2020, 10:35
1753
Бөлісу:
Алдағы күндері жауын-шашынды болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМҚ 17-19 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.

Аптаның соңында Қазақстанның ауа райына бұрынғыдай Кар теңізі аудандарынан келетін циклон өз әсерін сақтап отыр. 

Еліміздің оңтүстігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстігінде, орталығында және шығысында екпінді жел соғып, нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түсуі мүмкін. Тек еліміздің батысында жауын-шашын тоқтайды.

Жұма күні Атлантикалық антициклонның басып кіруімен Қазақстанның басым бөлігінде құрғақ, салыстырмалы түрде жылы ауа райы болады.

Өзгелердің жаңалығы