«Жасыл» сутекке көшу жүйелі қаржыландыруды қажет етеді

13 Қазан 2021, 17:58
1604
Бөлісу:
«Жасыл» сутекке көшу жүйелі қаржыландыруды қажет етеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елордада өтіп жатқан «Париж келісімінің мақсаттарына және Қазақстанның көміртекті бейтараптығына қол жеткізу жолдары» атты халықаралық конференция барысында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының ассистенті, БҰҰДБ әкімшісінің ассистенті және Еуропа мен ТМД бойынша Өңірлік директор Мирьяна Сполярич Эггер хабарлады.

Орталық Азияда декарбонизациялау процесі басталып кетті. Қазақстан бұл үдерістегі көшбасшылық үшін саяси ерік-жігер мен пайымды танытады. Батыл әрекеттерсіз өңір энергетикалық көшу сәтін жіберіп алуы мүмкін. Жаңартылатын энергия көздері құнының күрт төмендеуі «жасыл» энергия көлемінің тез өсуіне және жедел электрлендіруге әкелді. Сонымен қатар, экологиялық таза энергияға салынған инвестициялар қазба отынына салынған инвестициялардан үш есе көп жұмыс орнын ашады, - деді БҰҰ Бас хатшысының ассистенті.

Сондай-ақ ол энергия тиімділігі мен «жасыл» сутегіге көшуге қатысты сөз қозғады.

Орталық Азияда пайдаланылмаған жаңартылатын энергетикалық ресурстар: гидроэнергия, биоэнергия, геотермалдық, жел және күн энергиясы үлкен көлемде бар. Энергия тиімділігі мен «жасыл» сутегі де декарбонизациялауда маңызды рөл атқарады. Бірақ басты мәселе мынада: «жасыл» сутекке көшу дұрыс қаржыландыруды қажет етеді. Мемлекеттік және жеке меншік секторлардың күш-жігерін біріктіру қажет, - деп атап өтті Мирьяна Сполярич Эггер.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазбалы отыннан біртіндеп бас тартсақ, экономика өзгеретіні туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы