Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылы ашылды

23 Қаңтар 2019, 11:21
9976
Бөлісу:
Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылы ашылды
PHOTO

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Астанада ЭКСПО-2017 «Нұр әлем» көрме кешенінің павильонында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атты Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімі басталды.


Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылы ашылды

Іс-шараға жастардың барлық санаттағы өкілі: «100 жаңа есім» байқауының жеңімпаздары, «Болашақ» бағдаралмасының түлектері, жас ғалымдар, студент және жұмысшы жастар, жас спортшылар, дарынды балалар, жаңа медиа саланың өкілдері, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен түлектері, ерекше қажеттіліктері бар жастар, жас әскери қызметшілер қатысып отыр. Олардың арасында әнші Димаш Құдайберген, актриса Құралай Анарбекова, шахматшы Жансая Әбдімәлік, актер Асылхан Төлепов және т.б. бар.

Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылы ашылды

Еске сала кетсек, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланған болатын. Жастар жылы – Қазақстан үшін алғаш рет бастау алған бірегей және кең ауқымды оқиға.

Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылы ашылды

Назерке Абибулла


Өзгелердің жаңалығы